
5 маусым – Қазақстандағы барлық экологтардың, табиғат қорғаушыларының және қоршаған ортаны қорғау мамандарының мерекесі қарсаңында Ұлттық статистика бюросы сала бойынша статистикалық деректерді ұсынады. Қазақстан Республикасында эколог күнін мерекелеу БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеумен тұспа-тұс келеді. Ол 1972 жылдың 15 желтоқсанында қоғамның қоршаған ортаны сақтау және жақсарту қажеттілігін түсінуін тереңдету мақсатында бекітілген болатын және содан бері бүкіл әлемдік қауымдастық оны жыл сайын атап өтіп келеді.




