Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 104,7% құрады

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 104,7% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, 2021 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда айтарлықтай өсім Алматы қаласында (113,5%), Жамбыл (110%), Ақмола (109,6%) және Атырау (109%) облыстарында байқалды. Бұл ретте төмендеу Қызылорда облысында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде 15439 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында (жалпы көлемнен 52,1%) – 8045,2 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінде (41,5%)  – 6411,5 млрд теңге.

2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай (105%) және табиғи газ өндіру (106,4%), сусындар (118,7%), темекі өнімдері (119,3%), химия (108,5%) және металлургия өнеркәсібі (104,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (114,3%), фармацевтика (106,4%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдер (109,5%) өндірісінің өсуі байқалды.

2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

 

Өндірілгені

2021 жылғы

 қаңтар-сәуірге пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн. тонна

29,5

105,0

мыс кендері, млн. тонна

41,7

99,3

ұн, млн. тонна

1,2

121,0

бензин, млн. тонна

1,6

104,2

минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, млн. тонна

0,2

95,6

портландцемент, млн. тонна

3,3

101,6

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

24,5

95,5

электр энергиясы, млрд. кВт. сағ.

40,0

99,1

         

 

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы