2021 жылы 140,3 мың жұп отау құрды

2021 жылы 140,3 мың жұп отау құрды

2021 жылы некеге тұрған қазақстандықтардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өсті. Өткен жылы ресми тұрде 140,3 мың неке тіркелді. Өңірлер бөлінісінде отбасын құрғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (1000 адамға 10,10), одан кейін Алматы (1000 адамға 9,40) және Атырау облысы (1000 адамға 7,86). Қиылған некенің ең аз саны Қостанай облысында (1000 адамға 6,24).

Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 болса, әйелдер арасында 25,2 жас. Сонымен қатар бұрын ажырасқан 25 мың ер адам және 22 мың әйел былтыр қайтадан некеге тұрған.

Қазақстандықтар үйлену үшін шілде, тамыз және қыркүйек сияқты танымал айлардан бөлек, былтыр наурызды да көп таңдаған, ол кезде 12 мың отбасы тіркелді. Некелердің 70,9%-дан астамы қала тұрғындары арасында қиылған.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

    Баспасөз қызметі: Мекенжай:
    Маратқызы Жазира 010000, Н?р-С?лтан ?аласы
    Тел. +7 (7172) 749502 Мәңгілік ел , 8
    Instagram: @statgov.kz
Te.me: statgov.kz
Facebook: kazstatgov.kz
Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы