Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

Бір жылда (2021 жылғы желтоқсан 2020 жылғы желтоқсанға) инфляция 8,4% құрады. Баға азық-түлік тауарларына – 9,9%, азық-түлік емес тауарларына – 8,5%, ақылы қызметтерге 6,5% жоғарылады.

пайызбен, өсуі

 

2021 жылғы желтоқсан

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға

2021 жылғы қарашаға

2020 жылғы желтоқсанға

2015 жылғы желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,6

8,4

50,2

8,0

Азық-түлік тауарлары

0,6

9,9

64,6

10,8

Азық-түлік емес тауарлар

0,7

8,5

52,6

6,9

Ақылы қызметтер

0,5

6,5

31,2

5,5


Баға өсімі автомобильдерге – 14,7%, тұрмыстық аспаптарға – 8,6%, құрылыс материалдарға – 7,9%, ыдысқа – 6,4%, кеңсе тауарларға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 6,1%-дан, жуғыш және тазалағыш заттарға – 5,6%, киім және аяқ киімге – 5,5%, жеке қолдану тауарларға 5,3% құрады. Дизель отыны – 46,5%, баллондағы сүйытылған газ – 36,8%, бензин – 19,6%, тас көмір – 9,8%, ағаш 8,2%, қымбаттады.Бағаның өсуі күнбағыс майына – 30,1%, картопқа – 20,2%, құс етіне – 17,9%, жаңа жиналған көкөністерге – 17,1%, лимондарға – 15,8%, қой етіне – 15,5%, құмшекерге – 15,3%, жармаларға – 14,2%, алмұртқа – 12,1%, жылқы етіне – 11,7%, макарон өнімдеріне – 11,2%, ұнға, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге – 10,3%-дан, шошқа етіне – 10,1%, шайға – 9,4%, банандарға – 8,6%, сиыр етіне – 8,2%, шұжық өнімдеріне – 8%, пастерленген сүтке – 7,6%, нанға, қышқыл сүт өнімдеріне – 7,4%-дан байқалды. Темекі өнімдері – 14,5%, минералды және ас су – 12,3%, жеміс және көкөніс шырындары – 8,9%, алкоголді сусындар 7,3% қымбаттады.

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 9,8%, білім беру қызметтеріне – 7,9%, сақтандыру қызметтеріне – 7,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 6,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 5,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 5,4%, қонақ үйлер, құқықтық қызметтеріне – 5%, жолаушылар көлігі қызметтеріне 4,5% жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 19,8% өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 9,3%, қоқыс шығаруға – 7,5%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 5,5%, суды бұруға – 1,8%, суық суға 1,2% өсті, ал орталықтан жылытуға – 2,8%, ыстық суға 1,5% төмендеді.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2021 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,1%, азық–түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 31,3% құрады.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А.Р. Рашидов Қ. Жақыпбекұлы Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749536 Тел. +7 (7172) 749057 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы