2021 жылғы қаңтар-қазандағы демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы қаңтар-қазандағы демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы 1 қарашаға еліміздегі халық саны 19082,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11319,3 мың (59,3%), ауылдықтар –7763,1 мың адам (40,7%). 2020 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 249,3 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтың табиғи қозғалысы

2021 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (215,6 мың адам) 3,1% өсіп, 222,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,05 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қазанда туылғандар саны 375,9 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға (352,8 мың адам) қарағанда 6,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,75 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 153,6 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға (137,1 мың адам) қарағанда 12% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,70 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 3020 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2768 шетінеген нәресте) 9,1% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,03 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 8300 адамды, елімізден кеткендердің саны 27723 адамды, көші-қонның айырымы -19423 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,4% және 85,9% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,3%-ке азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (25086 адам), Алматы (24351 адам), Шымкент (9459 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (238 адам).

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Алданғарқызы Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы