Халық санағынан онлайн өту мүмкіндігі қайта қолжетімді

Халық санағынан онлайн өту мүмкіндігі қайта қолжетімді

Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе қалалардан онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5938259 адамға сауал салу жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді

Ұлттық статистика бюросы он жылдықтың маңызды шарасына ат салысуға шақыра отыра белсенділік танытып, халық санағына қатысқан азаматтарға алғыс айтады!

Қазақстанда әркім маңызды!

 

 

www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары

Баспасөз қызметі: Ұлттық санақтар департаментінің директоры: Мекенжай:
Әсем Алданғарқызы Н.А. Кожаков 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749162 Мәңгілік ел , 8
Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz   Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы