Кәсіптер мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің жалақысы*

Кәсіптер мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің жалақысы*

2021 жылғы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу жөнінде бір жолғы зерттеу жүргізді.

Қазақстан Республикасында осы зерттеу жылына бір рет жүргізіледі. Зерттеумен 2021 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын  кәсіпорындар іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2021 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына (бұдан әрі - ҰКС) сәйкес жүзеге асырылды.

Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2021 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 895,9 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1 344,9 мың адамды) 46,4%, әйелдер (1 551,0  мың адамды) 53,6%  құрады.

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,2% қызметкерлер, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 25,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін – 36,9%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 16,6%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 10,6%, 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін – 5,0%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,6%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,8%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,5% қызметкерлер алды.

Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақысы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» (49,7%)  экономикалық қызмет түрінде белгіленген, 450 000 теңгеден жоғары жалақымен – тау-кен өнеркәсібі  (15,8%) саласында белгіленген.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медианалық мәні 157 863 теңгені құрады. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 173 249 теңгені құрады. Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 6,0 құрады.

 

Қазақстан Республикасы бойынша кәсіптер мен лауазымдардың топтары бойынша қызметкерлердің жалақысы

теңге 

 

2019

2020

2021

Басшылар және мемлекеттік қызметшілер

  332 440

354 462

372 148

Кәсіби мамандар

  168 737

214 758

258 656

Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал

  131 323

165 218

180 801

Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер

  143 343

163 952

168 483

Көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері

88 958

105 414

115 420

Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары

  95 163

110 576

116 203

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары

  154 665

164 963

187 084

Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері

  160 020

195 694

199 264

Біліктілігі жоқ жұмысшылар

  73 541

83 719

87 059

 

Қазақстан Республикасы бойынша есептелген жалақы мөлшері бойынша жұмыскерлер құрылымы

пайызбен 

 

2019

2020

2021

Барлығы

100%

100%

100%

 олардан жалақыны алғандар:

 

 

 

45 000 теңгеге дейін

3,4

1,8

1,2

45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін

42,7

30,8

25,8

105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін

35,6

39,2

36,9

210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін

8,9

14,2

16,6

300 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін

3,4

6,0

8,8

390 000 теңгеден жоғары

6,0

8,0

10,7

 

Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 146 879 теңгені, жоғары біліммен – 281 509 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 365 625 теңгені құрады.Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақысы 150 240 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін 189 051 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін 223 964  теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін 247 825 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін 226 780 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін 211 395 теңгені, 65-тен жоғары - 237 661 теңге құрады. 

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.

 


Медианалық жалақы – есептелген жалақы мөлшерібойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін –  төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері;

модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі;

децильдік коэффициент дифференциациясы – қызметкерлердің жалақы деңгейінің бойынша коэффициенті, ол 10% қызметкерлердің орташа жалақысының ең жоғары 10% қызметкерлердің ең төмен жалақысымен ара қатынасын сипаттайды.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы/"Қазақстан Республикасындағы жұмыскерлер жалақысының құрылымы және бөлу".

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Г.А. Ахметқали Н.Е. Белоносова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749781 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы