Қазақстан Республикасының 19-шы миллион тұрғыны туралы

Қазақстан Республикасының 19-шы миллион тұрғыны туралы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының 19-шы миллион тұрғыны дүниеге келді.

Еліміздің 19-шы миллион тұрғыны ретінде Азаматқызы Жания анықталды.

Азаматқызы Жания Алматы қаласында туған, отбасында 4-ші бала болып табылады. Туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы - Назгүл Балтабайқызы Көбентаева, 1986 жылы туған, әкесі - Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев, 1982 жылы туған.

19-шы миллион тұрғынды анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілді. Кандидатура жалпы республика бойынша тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19009,6 мың адамды құрады.

k04-08-2021-1.png

1991 жылмен салыстырғанда туғандар саны 353,2-ден 426,8 мың адамға өсті.

k04-08-2021-2.png

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда туылғандар саны көрсетеді. Тәуелсіздіктің жылдар ішінде 1991 жылы 21,5-тен 2020 жылғы 22,8 туылғандарға өсті.

k04-08-2021-3.png

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша /Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Әсем Алданғарқызы Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы
Тел.+7 7172 74 90 02 Тел. +7 7172 74 90 61 Тел.+7 7172 74 90 02 Мәнгілік ел көшесі, 8
    E-mail: aldangarkyzy
@aspire.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс