2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы 1 мамырдағы еліміздегі халық саны 18 962,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 221,1 мың (59,2%), ауылдықтар –7 741,8 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 251,7 мың адамға немесе 1,3% өсті.

15062021-1k

Халықтың табиғи қозғалысы

2021 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (82,5 мың адам) 6,7% өсіп, 88,0 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,08 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 137,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге (118,1 мың адам) қарағанда 16,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,99 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 49,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге (35,7 мың адам) қарағанда 38,7% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,91 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 109 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (916 шетінеген нәресте) 21,1% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,07 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2 853 адамды, елімізден кеткендердің саны 7 491 адамды, көші-қонның айырымы - 4 638 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 81,7% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,8%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (9 597 адам), Нұр-Сұлтан (7 433 адам), Шымкент (6 710 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (326 адам).

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Алданғарқызы Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы