2021 жылғы І тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы І тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге
(1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 116,1 мың теңге және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша -141,8 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 405,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 166,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,8%-ға төмен.

29042021-1k

Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Андас Е.К. Белоносова Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749554 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы