2020 жылы Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы

2020 жылы Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы

2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда көкөністерден (картопты қоспағанда) басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынудың өсуі байқалды. Ет және ет өнімдері сияқты маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының тұтынуы 6%, нан өнімдері және жарма өнімдері - 3%, сүт және сүт өнімдері – 2,3% өсті.

Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы 2020 жылы айына орташа алғанда: картоп – 4,2 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,9 кг, сиыр еті – 1,9 кг, шикі сүт - 1,4 л, айран - 1,3 л, жұмыртқа – 16,6 дана, алма - 1,6 кг, құмшекер - 1,5 кг, күріш - 1,3 кг, макарон - 1 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 0,7 кг, қара шай - 0,1 кг құрады.

Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтынуын салыстырғанда ең жоғары саралану жұмыртқаны, сондай-ақ жемістерді, нан өнімдерін және жарма өнімдерін тұтыну бойынша байқалады.

Тұтыну көлемі ең аз және ең көп азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын орташа жан басына шаққандағы тұтынуының өңірлік аспектісін қарастыра отырып, келесі жетекші өңірлерді атап өтуге болады: 

Азық-түлік өнімдерінің топтары

Тұтынуы ең аз өңірлер

Тұтынуы ең көп өңірлер

нан өнімдері және жарма өнімдері

Маңғыстау  (105,8 кг)

Түркістан  (185,7 кг)

ет және ет өнімдері

Шымкент қ. (53,2 кг)

Қарағанды (101,4 кг)

балық және теңіз өнімдері

Шымкент қ. (4,9 кг)

Солтүстік Қазақстан (23,3 кг)

сүт және сүт өнімдері

Шымкент қ. (165,7 кг)

Ақмола (320,6 кг)

жұмыртқа (дана)

Маңғыстау (129 дана)

Ақмола (255 дана)

май және тоңмай

Нұр-Сұлтан қ. (12,7 кг)

Қарағанды (23,0 кг)

жемістер

Шымкент қ (61,1 кг)

Маңғыстау  (101,5 кг)

көкөністер

Солтүстік Қазақстан (60,4 кг)

Түркістан  (110,0 кг)

картоп

Қызылорда  (41,5 кг)

Қарағанды (62,2 кг)

қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

Шымкент қ. (33,7 кг)

Ақмола  (52,4 кг)

Шеткі децильдік топтар аралығында азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша айтарлықтай саралану сақталуда, мәселен ең аз қамтамасыз етілген халықтың 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың 10%-мен салыстырғанда, балық және теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет және ет өнімдерін, жемістерді 3,4 есеге, сүт және сүт өнімдерін – 3,1 есеге, жұмыртқаны – 3 есеге аз тұтынған.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Д .Маликова Н.Е. Белоносова Әсем Алданғарқызы< 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749687 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы