Қазақстан Республикасындағы халықтың 2020 жылғы табысын саралау туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2020 жылғы табысын саралау туралы

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2020 жылы 5,3% құрады (2019 жылы – 4,3%).

2020 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыра отырып, кедейліктің ең жоғары мәндері Түркістан (12,2%), Солтүстік Қазақстан (6,7%),Шығыс Қазақстан (6,5%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (1,5%) қаласында тіркелгенін атап өткен жөн.

Қалалық және ауылдық жердегі табыстардың едәуір саралануы сақталуда. Мәселен, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 3,7%, ал ауылдық жерде 7,6% құрады. 2020 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,8 есе), Маңғыстау (3,2 есе) облыстарында байқалды.

2020 жылы джини коэффициенті 0,291 құрады. Халықтың 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген топтарының арасалмағы (қорлар коэффициенті) 5,9 есені құрады. Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі сәйкесінше 0,8% және 0,2% құрады.

10 пайыздық (децильдік) топтар және

Джини коэффициенті бойынша халық табысының үлесі

 пайызбен 

 

2016

2017

2018

2019

2020

Халықтың 10-пайыздық топтары

 

 

 

 

1 дециль

4,15

4,07

    4,06

4,09

    4,15

2 дециль

5,35

5,23

    5,26

5,27

    5,27

3 дециль

6,21

6,10

    6,13

6,07

    6,05

4 дециль

7,05

6,92

    6,89

6,86

    6,81

5 дециль

7,97

7,82

    7,74

7,73

    7,67

6 дециль

9,02

8,89

    8,79

8,78

    8,71

7 дециль

10,29

10,21

    10,09

10,09

    10,05

8 дециль

11,99

11,98

    11,89

11,86

    11,90

9 дециль

14,65

14,79

    14,83

14,83

    14,78

10 дециль

23,32

23,99

    24,32

24,42

    24,61

Джини коэффициенті, халықтың

10-пайыздық топтары бойынша                  0,278

0,287

0,289

0,290

0,291

 

 

 

 

 

 

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі(кедейлік деңгейі) –тұтынуға жұмсалған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенгенқатынасы.

Джини коэффициенті әркелкілік дәрежесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша табыстарды нақты бөлудің оларды біркелкі бөлу сызығынан ауытқу дәрежесін белгілейді.

Кедейліктің тереңдігі ең төменгі күнкөріс деңгейінен ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың табыс (тұтыну) деңгейінің орташа ауытқуын көрсетеді.

Кедейліктің өткірлігі кедейлер арасындағы теңсіздікті – кедейлердің табыстарын олардың орташа мәнінен тарату дәрежесі.

Қорлар коэффициенті бірінші және оныншы децильдік топтардағы халықтың орташа табыстары арасындағы арасалмағын өлшейді.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А .Мақшаева Н.Е.Белоносова Әсем Алданғарқызы< 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749262/td> Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы