2020 жылы Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдар туралы

2020 жылы Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдар туралы

Қазақстан Республикасында 2020 жылдың соңында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде 256 ұйымесепке алынды, cоның ішінде қалалық жерде– 173 ұйым (67,6%), ауылдық жерде – 83 (32,4%).

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну типі бойынша елде стационарлық типтегі 162 ұйым, жартылай стационарлық типтегі – 64, уақытша болу ұйымдары – 29, 1 – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйым есепке алынды.

20042021-1-1kz

2020 жылдың соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің саны 4016 адамды (17,1%) құрады, мінез-құлқындағы психикалық бұзылыстары бар - 17955 адам (76,3%).

20042021-1-2kz

Осы ұйымдарда қызмет көрсетілетін 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 2020 жылдың соңында 5184 баланы құрады немесе жалпы тұрғындар санының 13,9%. Бірінші топтағы мүгедектердің үлесі осы ұйымдарда тұратындардың жалпы санынан 10,2%, екінші топ - 38,4%, үшінші - 0,5%-ды құрады.

20042021-1-3kz

Толығырақ ақпарат Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтында«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдар» статистикалық бюллетенде орналыстырылған.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы/ Бюллетеньдер / Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдар

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Д.М. Төкешова Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы< 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749258 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы