2020 жылғы еңбек нарығындағы жағдай

2020 жылғы еңбек нарығындағы жағдай

2020 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,7 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 65,9% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,8% (4,5 млн. адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн. адам) – әйелдер.

2020 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,7 млн. адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 76,6% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің саны 2 млн. адамды немесе 23,4% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,3% (2019 жылы – 91,1%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,7% (2019 жылы – 8,9%) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, сәйкесінше ерлер арасында – 4,4%, әйелдер арасында – 5,4%.

15-28 жастағы* жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8% құрады.

NEET жастарының үлесі – 7,1%.

26032021-1kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2020 жылдың соңына 141,8 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,5%-ын (2019 жылы – 1,1%) құрады.

*«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.


Жұмыспен қамтылған халық –бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде келесі: «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» немесе «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылған тұлғалар.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

NEET жастары – бұл жұмыс істемейтін, білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың бөлігі.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А. Алимбетова Н. Белоносова Ә. Алданғарқызы< 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749688 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы