Қазақстан Республикасындағы халықтың 2020 жылғы IV тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2020 жылғы IV тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы IV тоқсанда 4,6%-ды құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8 пайыздық тармаққа жоғары.

2020 жылғы IV тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында байқалды, ал ең төмені –Нұр-Сұлтанқаласында(1,5%) тіркелді.

18032021-1-1кз

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы IVтоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге –5,5 есені құрады.

 18032021-1-2кз

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Мақшаева А. Белоносова Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749262 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы