2020 жылға Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі туралы

2020 жылға Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі туралы

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егістік алқабы жалпы республика бойынша 22 582,3 мың гектарды құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 2%-ға жоғары, одан дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың алқабы 15 878,4 мың гектарды және 3,1%-ға жоғары, майлы дақылдардың – тиісінше 2 905,1 мың гектар және 1,5%-ға, ашық топырақта өсірілген көкөністердің – 163,6 мың гектарды және 2,8%-ға, картоптың – 194,4 мың гектарды және 0,7%-ға.

Тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдарды жалпы жинау 2019 жылдың деңгейімен салыстырғанда 15,1%-ға жоғарылады және 20 065,3 мың тоннаны құрады, ашық топырақта өсірілген көкөністері– 4,9%-ға жоғарылады және 4 340,7 мың тоннаны құрады, бақша дақылдары – тиісінше 1,8%-ға және 2 425,1 мың тонна, картоп – 2,4%-ға және 4 006,8 мың тоннаға өсті. Бұл ретте майлы дақылдарды жалпы жинау 1,1%-ға азайды және 2 556,5 мың тонна құрады.

2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың түсімі 12,3%-ға көбейді және 12,8 ц/га құрады. Ашық топырақтағы көкөністер (түсімділігі 2,1%-ға өсті), бақша дақылдары (1,8%-ға), картоп (1,6%-ға) үшін осы жыл аса өнімді болды. 

2020 жылы негізгі ауыл шаруашылығы дақылардарының түсімі 

 

Нақтыланған егіс алқабы, мың га

2019 жылға, %

Жалпы жинау, мың тонна

2019 жылға, %

Түсімділік,     

  1 ц/га

2019 жылға, %

Дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдар

15 878,4

103,1

20 065,3

115,1

12,8

12,3

Майлы дақылдардың тұқымдары

2 905,1

101,5

2 556,5

98,9

9,5

102,1

Ашық топырақта өсірілген көкөністер

163,6

102,8

4 340,7

104,9

265,9

102,1

Бақша дақылдары

101,9

99,9

2 425,1

101,8

238,8

101,8

Картоп

194,4

100,7

4 006,8

102,4

206,7

101,6

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ускенбаева Ж. Шауенова Ә. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 93 19 Тел. +7 (7172) 74 90 56 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы