2020 жылғы қарашадағы азық-түлік тауарларының бағасы

2020 жылғы қарашадағы азық-түлік тауарларының бағасы

Азық-түлік тауарларына баға индексі 2020 жылғы қарашада 101,3% құрады. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жаңа жиналған жемістер арзандады.

2020 жылғы қарашада сүт өнімдері тобында мәйекті ірімшікке орташа баға килограмына 3060 теңгені (2019 жылғы қарашада – 2742 теңге), сүзбеге – 1671 теңгені (1592 теңге), қаймаққа – 1171 теңгені (1102 теңге), айранға – 312 теңгені (293 теңге), пастерленген сүтке 269 теңгені (250 теңге) құрады.

Сары майдың орташа бағасы 2020 жылғы қарашада килограмына 2673 теңгені (2019 жылғы қарашада 2345 теңгені), күнбағыс майы – 533 тенге (434 теңге), жұмыртқаға – 337 теңгені (288 теңге), құмшекер – 245 теңге (199 теңге) құрады.

2020 жылғы қарашада көкөніс өнімдері тобында сәбізге орташа бағасы килограмына 111 теңгені (2019 жылғы қарашада – 102 теңге), картопқа – 111 теңгені (97 теңге), басты пиязға – 83 теңгені (86 теңге), ақ қауданды қырыққабатқа 86 теңгені (105 теңге) құрады.

Қарашадағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар

килограмы теңгемен

 

 

Қазақстан Республикасы бойынша орташа баға

Баға

Қалада тіркелген

2019 жылғы қараша

2020 жылғы қараша

ең төменгі

ең жоғарғы

ең төменгі баға

ең жоғарғы
баға

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

148

154

132

186

Алматы

Түркістан

Күріш

385

377

252

597

Қызылорда

Ақтау

Қарақұмық жармасы

300

426

334

563

Қарағанды

Нұр-Сұлтан

Сұлы жармасы

350

390

238

558

Қарағанды

Атырау

Сөк

370

365

202

566

Ақтөбе

Атырау

Сүйегі бар жылқы еті

2 015

2 261

1 949

2 543

Түркістан

Алматы

Сиыр етінің жауырын-төс бөлігі

1 797

1 940

1 681

2 196

Актөбе

Нұр-Сұлтан

Сүйегі бар қой еті

1 700

1 989

1 535

2 587

Орал

Нұр-Сұлтан

Шошқа етінің жауырын бөлігі

1 456

1 590

1 293

1 978

Көкшетау

Алматы

Шала ысталған шұжық

2 129

2 314

1 533

3 387

Қызылорда

Нұр-Сұлтан

Тауықтың сан еті

834

796

568

957

Актөбе

Нұр-Сұлтан

Тұз

52

53

42

58

Ақтөбе

Нұр-Сұлтан

Алма

383

475

387

693

Алматы

Ақтау

Банан

558

545

419

610

Қостанай

Семей

 

Ескертпе: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А.Т. Махметова Т. Демешева Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 92 65 Тел. +7 (7172) 74 90 57 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс