Шілде айында 169,1 мың автокөлік құралы тіркеуге қойылды

Шілде айында 169,1 мың автокөлік құралы тіркеуге қойылды

2026 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасында 169 133 автокөлік құралы тіркеуге қойылды, бұл 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (167 878 бірлік) 0,7% көп. Тіркелген көлік құралдарының жалпы санының 87,7%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6% - жүк автомобильдері, 2,4% -тіркемелер, 0,9% - автобустар, 0,8% - мотоциклдер және 2,6%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мың бірлікке жетті. Жалпы автопарк құрылымында жеңіл автомобильдер – 5 081,5 мың бірлік (83,9%), жүк автомобильдері – 495,0 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 263,2 мың бірлік (4,3%), автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,6 мың бірлік (1,2%) және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың бірлік (0,9%).

Шілде айында тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті (35,2%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі автомобильдер құрайды.

Есепті мерзімде тіркелген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі бойынша бөлінісі төмендегідей:
1500-ден 2000 см³-ге дейін – 59 530 бірлік (35,2%)
1500 см³-ге дейін – 35 277 бірлік (20,9%)
2000-ден 2500 см³-ге дейін – 24 550 бірлік (14,5%)
2500-ден 4000 см³-ге дейін – 23 027 бірлік (13,6%)
4000 см³-ден жоғары – 3 644 бірлік (2,2%)
өзге – 2 218 бірлік (1,3%)

Өңірлер бөлінісінде қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдер ең көп Алматы қаласында (6 160 бірлік), Астана қаласында (5 436 бірлік) және Алматы облысында (5 340 бірлік) тіркеуге қойылды.


Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша