
2026 жылғы шілде айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 37 158 мәміле тіркелген. 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (39 053) мәмілелер саны 4,9%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 263 – 19,5%) және Астана (6 999 – 18,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 688 – 7,2%) көш бастап тұр. Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш – 311 мәміле (0,8%) тіркелген.
2026 жылғы маусыммен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Шымкент (+14,2%) қаласында, Батыс Қазақстан (+14%) және Жамбыл (+11,5%) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Маңғыстау (-33,7%), Қарағанды (-28,7%) және Түркістан (-22,4%) облыстарында орын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы маусым айымен салыстырғанда 2,9% (857) азайды. 2026 жылдың шілде айында пәтерлер бойынша барлығы 28 575 мәміле жасалды (жалпы санының 76,9%). Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24%), Алматы (23,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 11 056 мәміле.
2026 жылғы маусыммен салыстырғанда шілдеде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 10,8% (1 038) кеміді. Шілдеде барлығы 8 583 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша ең жоғарғы өсім Жамбыл (9,9%), Жетісу (7,3%) облыстарында және Шымкент (5,3%) қаласында тіркелді. Мәмілелер саны бойынша ең жоғарғы төмендеу Маңғыстау (-49%), Ұлытау (-47%) және Қарағанды (-32,9%) байқалды.
2026 жылғы шілдеде тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 6,5% азайды (39 742-ден 37 158 дейін). Ал ең жоғары өсім Ұлытау (+25,9%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Қызылорда (-21,4%) облысында2026 жылғы қаңтар–шілде айларындағы мәмілелер саны 2025 жылғы қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеді.
.png)
.png)