Ұлттық статистика бюросында «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Мемлекеттік статистиканы дамытуға, ұлттық статистика жүйесін жетілдіруге және қоғамды сапалы ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Бюроның 10 қызметкері жоғары марапатқа ие болды.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтап, олардың жоғары кәсібилігін, өз ісіне адалдығын, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруын және елдің статистика саласының дамуына қосқан қомақты үлесін атап өтті.
Ұлттық статистика бюросы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, амандық және алдағы қызметте табыс тілейді.