Сәуір айында 176,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды

Сәуір айында 176,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды

2026 жылғы сәуірде 176,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде 154,2 мыңы - жеңіл автомобильдер, 11,3 мыңы - жүк көліктері, 1,5 мыңы - автобустар, 1,9 мыңы – мото көлік, 4,4 мыңы - тіркемелер және 3,3 мыңы - өзге көлік құралдары.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 981,6 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 83,9% - жеңіл автомобильдер, 8,2% - жүк көліктері, 4,4% - тіркемелер, 1,5% - автобустар, 1,2% - мото көлік және 0,8% өзге көлік құралдары құрайды.

Автопарктің жас құрылымы бойынша 20 жылдан асқан көлік құралдарының үлесі басым - 45,1%. Ал 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер - 26,6%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілері - 9,4%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілері - 4%, 3 жылдан аз уақыт пайдаланылған көліктер - 14,6%, ал 0,3% - өзге санатқа жатады.

20 жылдан асқан автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында - 337,9 мың бірлік, Алматы қаласында - 226,7 мың бірлік, Жамбыл облысында - 206,3 мың бірлік және Қарағанды облысында - 192,8 мың бірлік тіркелген.