2026 жылғы I тоқсандағы жалақы

2026 жылғы I тоқсандағы жалақы

Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы I тоқсанда 461486 теңгені құрады. 2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңгені құрады.

2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%, көлік және жинақтау – 12,9%, өнеркәсіп – 11,6% салаларында байқалды.  Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%-ға, білім беру – 4,2% өсті.

Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Абай облысында – 14,2%, Павлодар облысында – 12,4%, Жетісу облысында -12,2 %, Алматы облысында – 10,9%  және Алматы қаласында – 10,7 % -ды құрады.