
2025 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда барлық азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өсуі байқалды.
.png)
Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтыну халықтың жан басына шаққанда 2025 жылы айына орташа алғанда: картоп – 3,8 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг, сиыр еті – 2,1 кг, алма - 1,6 кг, құмшекер – 1,5 кг, күріш – 1,4 кг, сүт – 1,1 л, айран – 1 л, жұмыртқа – 17,6 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг құрады.
Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.
Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну –қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.