
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының 7 қызметкері Қазақстандағы «Американдық халықаралық білім беру кеңестері» корпорациясының Өкілдігі ұйымдастырған C5+O.N.E. ағылшын тілін оқыту бағдарламасының сертификаттарына ие болды.
Тоғыз ай бойы қызметкерлер кәсіби тіл білімі бойынша біліктілігін дамытуға бағытталған «Экономикалық даму үшін ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша білім алды.
Курс аяқталғаны туралы сертификаттар салтанатты рәсімде табысталды. Іс-шарада Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Колин Гард құттықтау сөз сөйледі.
Айта кетейік, бұған дейін C5+O.N.E. бағдарламасы аясында Бюроның 47 қызметкері кәсіби ағылшын тілі деңгейін арттырып, ауызша қарым-қатынас, оқу және тыңдалым дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы халықаралық сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне ие болды.
C5+O.N.E. бағдарламасының төртінші легінің түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз.