
2025 жылы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 447,3 млн шаршы метрді құрады. Оның ішінде қалалық жерлерде – 297,9 млн шаршы метр, ауылдық жерлерде – 149,3 млн шаршы метр. 2024 жылмен салыстырғанда тұрғын үй қорының алаңы 13 млн шаршы метрге ұлғайды.
2025 жылы тұрғын үйлердің жалпы саны 2,6 млн бірлікті құрады. Оның 2,3 млн бірлігі жеке тұрғын үйлер болса, 299,6 мыңы – көппәтерлі тұрғын үйлер (6,2 млн пәтер).
Тұрғын үйлердің ең көп саны Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген – тиісінше 339,5 мың және 294 мың бірлік. Қалалық жерлер арасында тұрғын үй саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 164,8 мың бірлік. Ауылдық елді мекендер арасында ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында – 260,9 мың бірлік.
2025 жылы бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші 25,1 шаршы метрді құрады. Оның ішінде қалалық жерлерде – 27,4 шаршы метр, ауылдық жерлерде – 21,3 шаршы метр. 2024 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,6 шаршы метрге артты.
.png)
Сумен жабдықталған тұрғын үй қорының үлесі 98% құрады, орталық жылытуға тұрғын үйдің 46% қосылған, газы (сұйытылған және табиғи қорды қоса алғанда) бар тұрғын үй қорының үлесі 85%.