Мемлекеттік басқару академиясының докторанттары ресми статистиканың мүмкіндіктерімен танысты

Мемлекеттік басқару академиясының докторанттары ресми статистиканың мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін ҚР Ұлттық статистика бюросында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанттарына ресми статистиканың мүмкіндіктері мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістері туралы дәріс өткізілді.

Тыңдаушыларға халықтың кірісі мен шығысы, еңбекпен қамту деңгейі мен жұмыссыздық көрсеткіштері туралы деректерді жинау, есептеу және өңдеу әдістері түсіндірілді. Дәрісті Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова мен оның орынбасары Гүлжан Дауренбекова өткізді.

Кездесу барысында Бюроның ведомстволық марапаты – «Статистика үздігі» төсбелгісі Ұлттық басқару институтының доценті Гүлім Қабықенқызы Үкібаеваға статистиканы дамытуға қосқан үлесі мен академиялық қауымдастықпен ынтымақтастығы үшін табысталды.

Іс-шара статистикалық сауаттылықты арттыруға және кәсіби қауымдастық арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға мүмкіндік береді.