2025 жылы 20,1 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

2025 жылы 20,1 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% артып, 20 099,1 мың м2 құрады.

Оның ішінде:

13 523,7 мың м2 – көппәтерлі тұрғын үйлер

6 416,2 мың  м2 – жеке тұрғын үйлер

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша көшбасшы өңірлер:

  • Астана – 4 812,5 мың м2
  • Алматы – 2 607,7 мың м2
  • Шымкент – 1 381,9 мың м2

2024 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Жетісу (+11%), Алматы (+10,2%) және Қарағанды облыстарында (+9%) тіркелді.

Тұрғын үйлердің негізгі бөлігі, яғни жалпы көлемнің 90%  немесе 18 098,8 мың м2 жеке құрылыс салушылар тарапынан пайдалануға берілді. Сонымен қатар халықтың өз күшімен салған тұрғын үйлерінің көлемі 7 120,6 мың м2 құрады.

Жалпы 12 айда 37 219 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді, оның ішінде 2 591-і көппәтерлі тұрғын үй (185,8 мың пәтер).

Жалпы, 2025 жылы Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9% өсіп, 10 704,8 млрд теңгені құрады.