Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

2025-2065 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ)  және 35 филиал жұмыс істеді.

Онда 562 мың адам білім алып жатыр, оның ішінде 266 мың адам немесе 47,3% – әйелдер. 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1% өскен.

Білім алушылардың жалпы санының 73,4% негізгі орта білім негізінде (9-сыныптан кейін), 22,9%  жалпы орта білім негізінде, 3,7% ТжКБ-дан кейін оқуға түскендер.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 397 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 70,6%, тағы 165,1 мың адам немесе білім алушылардың 29,4% ақылы түрде оқиды.

Өткен оқу жылындағы түлектер саны 169,3 мың адамды құрады, оның ішінде 102,3 мың адам  (60,4%) жұмысқа орналастырылды және 28,4 мың адам (16,8%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38 684 оқытушы және 5 170 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,3% және 47,8%-дан.

Соңғы бес жылдағы динамикада ТжКБ ұйымдарының саны жыл сайын кеміп отыр, 2021 жылмен салыстырғанда ТжКБ ұйымдарының саны 2,5% азайды, бұл ретте сонда білім алатындар саны керісінше 13,7% өскен.