Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен байланысты нығайтуда

Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен байланысты нығайтуда

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында пайдаланушылармен кезекті онлайн-сессия өтті. Сессия барысында Бюро мамандары статистиканың негізгі салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қатысушыларға уақыт бюджеті, тиісті зерттеуді жүргізу тәртібі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ бизнес тіркелімді пайдалану мүмкіндіктері, оның ішінде БСН бойынша кәсіпорындарды іздеу функционалы түсіндірілді. Мамандар су шаруашылығы және су бұру салалары бойынша деректердің қайдан жиналатынын нақтылап өтті.

Мамандар сондай-ақ құрылымдық статистикаға, сауда статистикасына, баға және ЖІӨ көрсеткіштеріне тоқталды. Сарапшылар деректердің қалай қалыптасатынын, қандай жарияланым түрлері шығатынын және нәтижелердің қандай форматта ұсынылатынын түсіндірді. Бұдан бөлек, пайдаланушыларға салалар мен кезеңдер бойынша көрсеткіштерді жедел талдауға мүмкіндік беретін қолжетімді дашбордтар таныстырылды.

«Біздің мақсат – статистиканы тек жариялау емес, оны бәріне түсінікті және пайдалы ету. Сондықтан біз көрсеткіштердің қалай қалыптасатынын ашық айтып, ЖОО-ымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеміз. Студенттер мен оқытушылар деректерімізді зерттеулер мен оқу жобаларында қолданып жатыр. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын табады», – деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Фархат Қалиев.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Бюро өз қызмет барысын түсіндіру, ашықтықты арттыру және ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында төрт онлайн-сессия өткізді.