
Ұлттық статистика бюросында орталық аппараттың жас қызметкерлеріне арналған семинарлар сериясы аяқталды.
Екі апта ішінде 30 жас маман Бюроның статистикалық қызметінің негізгі бағыттары бойынша оқытудан өтті. Оларға ресми статистикалық көрсеткіштердің қалай қалыптасатыны, деректердің түрлі салаларда - бағалар мен өнеркәсіптен бастап демография, көші-қон және сыртқы саудаға дейінгі деректердің қалай жиналып, талданатыны түсіндірілді.
Сабақтарды аға әріптестері жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинарлар жас мамандардың жұмысқа тез бейімделуіне, негізгі процестерді жақсы түсінуіне және кәсіби біліктілігін арттыруына көмектеседі.
Айта кетейік, бағдарлама Бюроның кадрлық резервін дамытуға бағытталған және әрі қарай да жалғасын табады.