Мемлекеттік Басқару Академиясының тыңдаушыларына тұрмыс деңгейі мен еңбек мәселелері жөніндегі статистика ерекшеліктері таныстырылды

Мемлекеттік Басқару Академиясының тыңдаушыларына тұрмыс деңгейі мен еңбек мәселелері жөніндегі статистика ерекшеліктері таныстырылды

Бүгін ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Экономика» білім беру бағдарламасы тыңдаушыларына арналған кезекті лекция өтті.

Бюроның сарапшылары еңбек статистикасы және халықтың тұрмыс деңгейі саласындағы негізгі көрсеткіштер мен үрдістерді ұсынды. Дәрістерді Еңбек статистикасы және тұрмыс деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова және департаменттің орынбасары Гүлжан Дауренбекова оқыды.

Лекцияға жиырмадан астам тыңдаушы қатысты. Қорытындысында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, мамандар егжей-тегжейлі түсіндірме мен пікірлерін берді.

Ұлттық статистика бюросы статистикалық білімді насихаттау мен білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестікті кеңейту бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында білім беру саласындағы бірлескен күш-жігерді нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.