Ауыл шаруашылығы санағы аясында 1 миллион үй шаруашылығы сұралды

Ауыл шаруашылығы санағы аясында 1 миллион үй шаруашылығы сұралды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі жалғасып жатыр. 

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1 миллионнан астам үй шаруашылығы сұралды. Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып, санақ барысымен танысты. 

Ол Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандарының ауылдарында болып, интервьюерлердің жұмысын бақылап көрді. Облыс бойынша 60 мыңнан астам үй шаруашылығы қамтылған, бұл жоспардың 74% құрайды. 

«Еліміз бойынша 1 миллионнан астам үй шаруашылығында сауалнама өткізіп шықтық. Қазір 3 мыңнан астам интервьюер тұрғын үйлерді аралап жүр, соның ішінде Жамбыл облысында шамамен 200 интервьюер еңбек етуде. Әрқайсысы планшетпен және GPS-трекермен жабдықталған. Трекер арқылы барған мекенжайлар мен бағыттар тіркеледі, бұл деректердің нақтылығын қамтамасыз етеді», – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Бюро басшысы Қызылорда және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында болып, үй-үйді аралау процесінің барысын бақылаған болатын.