2025 жылғы қаңтар - маусымдағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім

2025 жылғы қаңтар - маусымдағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім

2025 жылғы қаңтар-маусымдағы (есепті деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ)  2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,3% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндірудің үлесі –35,6%, қызметтерді өндірудің үлесі – 57,3% құрады.

Ең үлкен өсімді Көлік және жинақтау – 22,4%, Құрылыс – 18,4%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 8,4%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 8,3%, Өңдеу өнеркәсібі – 5,6% салалары көрсетті.





ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.