Қазақстандағы статистика саласының 105 жылдығына арналған «105 игі іс» бастамасы аясында және «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдау мақсатында Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметкерлері экологиялық шара өткізді.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлықтың маңыздылығын еске салу және табиғи аумақтарды тазартуға үлес қосу. Қатысушылар пластик, әйнек және тұрмыстық қалдықтарды жинады.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр және ол экологиялық мәдениетті қалыптастыруға әрі әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.