Тамызда 159,5 мың көлік құралы есепке қойылды

Тамызда 159,5 мың көлік құралы есепке қойылды

2025 жылғы тамыз айында 159,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде 144,7 мыңы – жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,5 мың – автобус және 3,6 мыңы – мото көлік.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 786,9 мың бірлікті құрады.

Елдегі автопарктің басым бөлігін ескі көліктер құрайды. Соңғы деректерге сәйкес, жеңіл автомобильдердің 41,5%-ы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүр. Тағы 24,2%-ының шыққанына 10-нан 20 жылға дейін болған. 7-10 жыл аралығындағы автомобильдердің үлесі 10,3%-ды, ал 3-7 жыл аралығындағысы – 17,2%-ды құрайды. Шығарылғанына үш жылдан аз уақыт болған жаңа көліктердің үлесі – 6,8%.

Жасы 20 жылдан асқан автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген – 356,5 мың бірлік. Алматы қаласында мұндай көліктердің саны 211 мың болса, Жамбыл облысында – 199,5 мың.



Ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.