Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистиканың 105 жылдығына орай «Сарыарқа» велотрегінде республикалық спартакиада ұйымдастырылды. Сайысқа Ұлттық статистика бюросының, «Ақпараттық-есептеу орталығының» РМК, сондай-ақ, Бюроның 18 аймақтық департаментінің қызметкерлері, барлығы 200-ден астам маман қатысты. Ойыншылар футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша бақ сынады.
«Сайыстар тартысты әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар тек спорттағы шеберлігін ғана емес, сонымен бірге командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Мұндай кездесулер ұжымның бірлігін арттырады, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Бұл шараны ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан барлық әріптестерге алғысымды білдіремін. Бұл күн біздің кәсіби отбасымыз үшін нағыз мерекеге айналды», – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Турнир қорытындысы бойынша кубоктар және жекелеген номинациялар бойынша арнайы марапаттар табысталды.
Жеңімпаздар:
Футбол
1-орын – «Ақпараттық-есептеу орталығы» 2-команда
2-орын – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының командасы
3-орын – «Ақпараттық-есептеу орталығы» 1-команда
Волейбол
1-орын – Түркістан, Шымкент және Қызылорда облыстарының командасы
2-орын – Алматы қаласы және Алматы облысының командалары
3-орын – «Ақпараттық-есептеу орталығы»
Үстел теннисі
1-орын – Астана қаласы
2-орын – Алатау 2 (Алматы облысы, Алматы қаласы және Жетісу облысы)
3-орын – «Ақпараттық-есептеу орталығы» 2-команда