Бюро қызметкерлері республикалық спартакиаданың жүлдегерлері атанды

Бюро қызметкерлері республикалық спартакиаданың жүлдегерлері атанды

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиада аяқталды. Жарыста спорттың сегіз түрінен додаға түскен мемлекеттік органдардың командалары бақ сынасты. Қатысушылар футзал, волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат, қазақ күресі, қол күресі, үстел теннисі және баскетбол бойынша үздіктерді анықтады.

Бұл жарыста Ұлттық статистика бюросының Ақмоншак Құралбе пен Ермек Нұрмахановтан құралған тоғыз құмалақ бойынша команда екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, Ақмоншак Құралбек қыздар арасындағы жарыста да екінші орынға ие болды.

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев табысты өнер көрсеткен қызметкерлерді құттықтап, қатысушыларға жаңа жеңістер тіледі.