Қазақстан Республикасының 2024 жылғы жалпы өңірлік өнімі

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы жалпы өңірлік өнімі

Нақтыланған деректер бойынша 2024 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнім көлемі 136,6 трлн теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5%-ға өсті.

2024 жылғы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғары үлес Алматы (22,9%) мен Астана қалалары (11%) және Атырау облысына (11%) тиесілі.

2024 жылғы жан басына шаққандағы ЖІӨ 6 780,9 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (21 177,5 мың теңге), Алматы қаласы (13 844,9 мың теңге), Ұлытау облысы (11 233,9 мың теңге), Астана қаласы (10 174,3 мың теңге) алды.

Жалпы өңірлік өнімнің жоғары өсім қарқыны Жетісу (14,8%), Солтүстік Қазақстан (13,7%), Ұлытау (10,7%) және Түркістан (10,4%) облыстарында байқалды.

 

 

2024 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-гі үлесі 16,71%-ды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,87%-ға қысқарды.

Бақыланбайтын экономиканың Жалпы өңірлік өнімдегі ең аз үлес Атырау (8,37%), Ұлытау (10,75%) және Маңғыстау (13,01%) облыстарында байқалады, ең көбі Түркістан облысында (27,97%).