Астанада Бюро мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TІKA) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – ресми статистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өңірлік бастамалар мен бағдарламалар аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау.
Кездесу барысында тараптар өз ұйымдарының қызмет бағыттары туралы ақпарат алмасты. TІKA өкілдері агенттіктің негізгі жобалары туралы, соның ішінде оқыту, тәжірибе алмасу және техникалық көмек көрсетуге бағытталған халықаралық бағдарламалар жайында жан-жақты баяндап берді.
Кездесуде Орталық Азия өңіріндегі елдердің статистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру бойынша Бюро бастамаларына ерекше назар аударылды. Тараптар өңірдің орнықты дамуына сапалы статистикалық қамтамасыз ету арқылы қол жеткізу үшін өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.