Статистиканың 105 жылдығы мен Мемлекеттік қызметші күніне арналған іс-шаралар аясында Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің қызметкерлері Архангельское ауылындағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен қайырымдылық кездесу өткізді.
Балалар үшін спорттық ойындар, эстафеталар мен викториналар ұйымдастырылды.
Мереке соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар таратылып, тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтар мен спорт құрал-жабдықтары табысталды.