Ұлттық статистика бюросының 105 жылдығына орайластырылған "105 игі іс" аясында Қарағанды облысы бойынша Департамент қызметкерлері бірқатар әлеуметтік іс-шаралар өткізді.
Атап айтқанда, Шахтинск қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көмек көрсетілді. Департамент қызметкерлері аумақты көгалдандыруға қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, "Шаг за шагом" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың мерекелік демалысы ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар үшін ойын-сауық бағдарламасы мен сыйлықтар дайындалды.
Өткізілген іс-шаралар халықтың осал санаттарын қолдауға және қызметкерлер арасында тұрақты әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. "105 игі іс" акциясы еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасын табады.