Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай статистика департаментінде ақпараттық сағат өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай статистика департаментінде ақпараттық сағат өтті

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуы қарсаңында Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде "Абай - адамзаттың рухани әлемі" атты іс-шара өтті.

Қызметкерлер ұлы ақын мен ойшылдың өмірі мен мұрасы туралы көбірек білді, оның моральдық-философиялық ой мен мәдениетке қосқан үлесін талқылады. "Қара сөздерге" ерекше назар аударылды.

Кездесу Абайдың қара сөздері бойынша LearningApps платформасындағы интерактивті диктантпен аяқталды.