Ұлттық статистика бюросы еліміздің аграрлық саласындағы ірі бірлестіктердің бірі - Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Басқосу аясында 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қозғалды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің хабардарлығын арттыру мен санаққа қатысушылардың ауқымын кеңейту жөніндегі бірлескен шаралар мәселесіне ерекше назар аударылды.
Республика бойынша 60 мыңнан астам фермерлер мен шаруашылықтарды біріктіретін қауымдастық өз мүшелеріне негізгі ақпаратты жеткізуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Диалог барысында тараптар санақ науқаны аясында аграрлық секторды нақты әрі жан-жақты қамтуды қамтамасыз ету үшін үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.