Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бюро туралы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Все материалы
10 апреля 2025
Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 тармаққа артты
В 2024 году индекс старения в Казахстане составил 31,1, что на 1,6 пункта выше по сравнению с предыдущим годом (29,5 в 2023 году). Это означает, что на каждые 100 детей в возрасте от 0 до 15 лет приходится 31,1 человек в возрасте 65 лет и старше.
 
В разрезе регионов самый высокий уровень зафиксирован в Северо-Казахстанской области – 78,1, далее следуют Восточно-Казахстанская (76) и Костанайская области (66,4).
 
Наименьший индекс старения в Мангистауской области, где на 100 детей приходится 15,2 граждан старше 65 лет. Также низкие значения зафиксированы в Туркестанской области (15,9) и в городе Шымкент (16,1).
 
Отметим, индекс старения в городской местности выше, чем в сельской – 33,4 и 27,5 соответственно.

Индекс старения – показатель возрастного состава населения, характеризующий число лиц пожилого возраста на 100 детей. Рассчитывается как отношение численности населения в возрасте 65 лет и старше к численности населения в возрасте 0–14 лет.

10 апреля 2025
Ашық НҚА порталында бұйрық жобасын орналастырды

Ұлттық статистика бюросы Ашық НҚА порталында «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын оналастырылғанын хабарлайды. Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі 2025 жылғы 26 сәуірге дейін.

09 апреля 2025
Ашық НҚА порталында бұйрық жобалары орналастырылды

Ұлттық статистика бюросы Ашық НҚА порталында келесі бұйрық жобаларының орналастырылғанын хабарлайды:

«Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».

«Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық  нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі 2025 жылғы 25 сәуірге дейін.

 

 

09 апреля 2025
Ұлттық статистика бюросының басшысы ЮНФПА тұрақты өкілімен кездесу өткізді

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы БҰҰ-ның Қазақстандағы халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) Тұрақты өкілі және Қырғызстан мен Түркіменстандағы директоры Чинве Огбонна ханыммен кездесті. 


Тараптар демографиялық статистикаға қатысты мәселелерді талқылап, талдау және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді әзірлеу үшін сапалы әрі уақтылы деректердің маңыздылығын атап өтті. Кездесуде халық санының болжамына ерекше назар аударылды. ЮНФПА бұл жұмыс аясында техникалық қолдау көрсетіп келеді, соның ішінде 2021 жылғы халық санағы деректері негізінде аналитикалық материалдар мен болжамдар әзірленген болатын.

Бюро басшысы ЮНФПА-ның ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастығы мен олардың көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. «Біз Қазақстанның статистикалық саласын дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің қолдауыңызбен 2021 жылғы Халық санағы, MICS сияқты ауқымды зерттеулер жүргізілді. Бұл деректердің маңызы ерекше, олар халық жағдайын жақсарту мен азаматтар құқығын қорғау үшін қажетті шараларды әзірлеуде шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.

Өз кезегінде ЮНФПА 2030 жылғы санаққа дайындық кезінде, оның ішінде тіркелімдерді қолдана отырып жаңа әдістемелерді енгізу бөлігінде қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Бұдан басқа, бүгінде 2026-2029 жылдарға арналған Ел деңгейінде жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр, оның аясында демографиялық талдау саласындағы мамандардың әлеуетін өсіру жұмысы жалғасатын болады.

03 апреля 2025
Мақсат Тұрлыбаев бюроның байланыс орталығының ұжымын 2 жылдығымен құттықтады

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Бюроның байланыс орталығына барып, оның қызметкерлерін 2 жылдығымен құттықтады.

2023 жылы іске қосылған сәттен бастап байланыс орталығы респонденттер мен пайдаланушылар үшін статистика мәселелері бойынша кеңес беретін маңызды ресурсқа айналды. Байланыс орталығының операторлары бюро сайтында мәліметтер іздеуге, статистикалық нысандарды толтыруға және есептерді тапсыру кезінде техникалық қолдау көрсетуге көмектеседі.

Бюро басшысы ұжымға алғысын айтып, олардың халыққа дәйекті статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

«Аз ғана уақыт ішінде байланыс орталығы жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып, азаматтарға дәл және қолжетімді статистикалық ақпаратты қамтамасыз етудегі маңызды буынға айналды. Сіздер статистикалық мәліметтермен оңай танысып, кез келген сұрақтарды шешуге көмектесіп, маңызды миссияны орындап жатырсыздар. Сіздерге одан әрі да жетістіктерге жетіп, өркендеп, табысты бола беруіңізді тілеймін!», – деді М.Тұрлыбаев.

Айта кетейік, екі жылда 167 293 өтініш өңделді. Операторлар азаматтарға 1446 қысқа нөмірі мен бюро сайтындағы онлайн-консультант арқылы, сондай-ақ Telegram-дағы statgovkz_bot арқылы түскен өтініштерге жауап береді. Сұрақтардың 95% алғашқы өтініш бойынша шешіледі, қалғандары үшінші деңгейдегі қолдау қызметіне жіберіледі.

Байланыс орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін кеңес береді. 1446 қысқа нөміріне қоңырау шалу тегін.

03 апреля 2025
Статистика бюросының өкілдері «Родина» агрофирмасының басшысымен кездесті
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев алдағы ауыл шаруашылығы санағын талқылау үшін «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрмен кездесті. 
 
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сенімді деректерді жинаудың маңыздылығы атап өтілді, нақты статистиканың аграрлық секторды тиімді жоспарлау мен дамытуда негіз болатыны айтылды. 
 
Бюро басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы деректердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін қайта есептеу жүргізілді. Төрт түлік, техника және басқа да байланысты бағыттар бойынша деректер базасын өзектендіру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Болашақта бұл бюроға респонденттерден жиналатын есеп санын қысқартуға, есесіне оны әкімшілік көздерден алуға мүмкіндік береді. 
 
Мақсат Тұрлыбаев екі кезеңде жүргізілетін санақ барысына дайындық туралы да айтты. 1-31 тамыз аралығында санақ барлық заңды тұлғаларды және фермерлерді қамти отырып, онлайн-форматта өтеді. Жеке қосалқы және үй шаруашылықтары өз қалауы бойынша онлайн санаққа қатыса алады. Интернеттегі санақтан өте алмағандар үшін 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлердің ауылдық елді мекендерді аралауы басталады. 
 
«Біз санақты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық санаты үшін мүмкіндігінше қолжетімді және ыңғайлы етуге тырысамыз. Онлайн формат қатысушылардың кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Мақсат Тұрлыбаев. 
Кездесу соңында делегация ауылдың сауда нүктелеріндегі бағамен танысып, агрофирманың сүт зауытына барып, кәсіпорындағы өндірістік процестермен танысты.
01 апреля 2025
Қазақстан Республикасындағы инфляция

2025 жылғы наурызда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,3% құрады (2025 жылғы ақпанда – 1,5%). Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,6%, ақылы қызметтер – 1,3%, азық-түлік емес тауарлар 0,8% өсті.

Азық-түлік тауарларынан баға бананға – 14,5%, қызанаққа – 11,4%, қызылшаға – 8,5%, қырыққабатқа – 7,4%, сиыр етіне – 3,5%, қой еті мен картопқа – 3,4%-дан, апельсинге, құмшекерге – 3,2%-дан, жүзімге – 3,1%, тұзды ірімшікке 3% өсті. Бұл ретте баға қиярға – 6,8%, жұмыртқаға – 1,8%, басты пиязға– 1,3%, тәтті бұрышқа 1,1% төмендеген.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 15,2%, су бұруға – 11,9% орталықтан жылытуға – 3,1%, ыстық суға 2,4% өсті. Теміржол көлігінің қызметтері – 3,2%, стоматологиялық қызметтер 2,3% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде наурыз айында бағаның өсуі планшеттерге 10,4%, ноутбуктерге – 8%, жиһаз бен тұрмыстық заттарға, алтын неке жүзігіне – 2%-дан байқалды. Баллондағы сұйытылған газ 2,1% қымбаттады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 2,4% (орташа республикалық деңгейден 1,1 п.т. жоғары), ең төмен Маңғыстау облысында 0,4% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде бәрінен бұрын бағалар азық-түлік тауарларына Астана қаласында 2,4%, азық-түлік емес тауарлар – Түркістан облысында 1,3%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 3,7% өсті.

 
 

2025 жылғы наурызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 10% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 9,1%, азық-түлік тауарларының бағасы 7,6% жоғарылады.

2024 жылғы наурызбен салыстырғанда тарифтер суық суға – 88,4%, су бұруға – 23,7%, орталықтан жылытуға – 19%, ыстық суға – 14,6%, электр энергиясына – 14,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 13,3% жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері – 23,6%, ұялы байланыс қызметтері – 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 18,8%, сәлемдемелер жіберу – 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 16,1% қымбаттады.

Ноутбуктің бағасы 80,6% өсті, планшет – 62%, ас үй пеші – 60,4%, сымсыз құлаққаптар – 47,9%, USB флэш-дискісі 36,6% қымбаттады. Бағаның өсуі корвалолға – 37%, канефронға 23,4% байқалды. Баға алтын неке жүзігіне – 28,8%, жаңа жеңіл автомобильдерге 62,1% өсті. Картоп – 66,4%, басты пияз – 32,2%, қырыққабат – 27,3%, қызылша – 21,1%, сарымсақ – 17,8%, күнбағыс майы – 16,8%, қызанақ 14,9% қымбаттады. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде – 17,7%, жұмыртқа – 8,3%, сәбіз – 7,4%, тәтті бұрыш – 6,9%, күріш 6,3% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

28 марта 2025
Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті

Бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының тармағын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығындағы статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету кезінде бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған негізгі аспектілер талқыланды.

Отырыс барысында АШЖБ, АТМТ, ЖМБМК, СБМАЖ сияқты Ақпараттық жүйелерді "е-статистика" жүйесімен интеграциялауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігінің Әкімшілік нысандарын тексерудің аралық нәтижелеріне басты назар аударылды.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік беретін құралдар мен тетіктерді қарастырды, бұл өз кезегінде мемлекеттік статистиканың сапасын жақсартуға және аграрлық секторды қолдау үшін мемлекеттік ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді.

28 марта 2025
2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

2024 жылы Қазақстан Республикасы халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған.

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған.

Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас.

Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.

18 марта 2025
2025 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9% құрады.

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 8,9% байқалады.

Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында белгіленді.

2025 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдері 9112 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 4290 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 47,1%), өңдеуде – 4061,4 млрд. теңгеге (44,6%).

Көмір (114%), шикі мұнай (103,7%), металл кендерін (103,5%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,8%) шығарудың  артуына байланысты 2025 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы есепті кезеңде 2024 жылғы есепті  кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 108,9%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері  өндірісінде – 13,1%, сусындар – 11,4%, темекі өнімдері – 26,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 7,2%, химия өнеркәсібі– 9%, резеңке және пластмасса бұйымдар – 6,8%,  өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 21,6%, металл құюдан басқа қара металлургия – 9%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 20,1%, машина жасауда – 18,2%  белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Абай, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы