Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бюро туралы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Все материалы
15 мая 2025
І тоқасандағы Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда айналымы

2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 29 272,2 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 16 361,5 млн. АҚШ доллары, импорт – 12 911,1 млн. АҚШ доллары.

2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (52,3%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%), мыс кендері мен концентраттары (4%), ферроқорытпалар (3,3%), бидай және меслин (2,3%).

Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмақ келесі тауарларға тиесілі: жеңіл автомобильдер (3,9%), дәрілік заттар (3,1%), моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (2,9%), телефон аппараттары (2,3%), моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары (2,2%).

Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (25,2%), Қытай (15,1%), Ресей (9,8%), Нидерланд (6,4%), Түркия (5,1%), Өзбекстан (4,7%).
Ал импорт бойынша негізгі әріптес елдері: Ресей (29,1%), Қытай (26,8%), Корея Республикасы (4,4%), Германия (4,2%), АҚШ (3%), Түркия (2,7%) мемлекеттері.

15 мая 2025
Сәуір айында мотокөліктерді қоса алғанда 184,7 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

2025 жылғы сәуірде 184,7 мың бірлік автокөлік құралы* есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 153,3 мың бірлік, жүк автомобильдері – 11,3 мың бірлік, автобустар – 1,5 мың бірлік және мотокөлік – 18,6 мың бірлік.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 миллион шегінен асып, 6 176 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 86,5% – жеңіл автомобильдер, 9,7% – жүк көліктері, 1,9% – автобустар және мотоциклдер – 1,9%.

2025 жылғы 5 сәуірден бастап жылдамдығы 50 км/сағ (мопед) дейін мотоқұралдарды міндетті тіркеу енгізілді. Сәуірде тіркелген мотокөлік құралдарының саны 18,6 мың бірлікті құрады, осылайша есепке қойылған мотокөлік құралдарының жалпы саны 115,8 мың бірлікті құрады.

Пайдаланылатын отын түрі бойынша мотокөліктің 110,3 мың бірлігі бензинмен жүреді, 635 бірлік – аралас отын, 248 бірлік – дизель отыны, 51 бірлік – газ, тағы 557 бірлік электр қуаты есебінен қозғалады (4 мыңында – отын түрі көрсетілмеген).



*Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

14 мая 2025
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 32,8% көбейді

2025 жылғы сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 36 839 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 175 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 664 мәміле жасалды. 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда (27 739) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 32,8% көбейді. Мәмілелер саны бойынша Астана (7 280 – 19,8%) және Алматы (7 020 – 19,1%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 862 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 454 мәміле (1,2%).

2025 жылдың наурызымен салыстырғанда сәуірде оң көрсеткіш еліміздің барлық өңірінде байқалды. Мәмілелер санының ең көп өсімі Жетісу (+54,9%), Ақмола (+42,8%) және Қызылорда (+41,9%) облыстарында тіркелді.

2025 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 31,2%-ға (6 822 мәмілеге) өсті. 2025 жылдың сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 28 664 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,8%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,9%), Алматы (22,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,2%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың сәуір айында олар бойынша 10 969 мәміле ресімделген.

2025 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 38,6%-ға (2 278 мәмілеге) артты. Сәуірде барлығы 8 175 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Жетісу (+62,2%), Батыс Қазақстан (+58,2%) және Абай (+58%) облыстарында байқалды. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының азаюы тіркелмеген.

2025 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 17,9%-ға көбейген, ол кезде 31 248 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Алматы қаласында (41,8%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Түркістан облысында (-11%). 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санымен салыстырғандағы өсім – 3,9%.





Бір жылда (2025 жылғы сәуір 2024 жылғы сәуірге) жаңа тұрғын үйлерді сату – 8,3%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 6,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3% жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй бағасы жылдық мәнде Павлодар – 21,4%, Талдықорған – 12,6%, Шымкент – 12,5%, Көкшетау қалаларында 12,4% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында жоғары өсім Ақтөбе қаласы (14,6%), Атырау қаласы (14,4%), Павлодар қаласында (13,8%) байқалса, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Астана (25,6%), Ақтөбе (22,1%), Семей (21,1%), Талдықорған (18,9%), Көкшетау қалаларында(17,3%) тіркелген.

Бір айдың ішінде (2025 жылғы наурызға қарағанда 2025 жылғы сәуірде) жаңа тұрғын үйді сату – 1,9%, ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату 0,8% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1% қымбаттады.

 

ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және алдын ала таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

 

13 мая 2025
Еңбек нарығындағы жағдай

2025 жылдың I тоқсанында республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,1%). 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,4% құрады.

2024 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.

Жас құрамы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 28%. Жұмыспен қамтылғандардың тағы 40% 29-34 және 45-54 жас санаттарындағы жұмысшылар.

Өңірлер бөлінісінде жалдамалы қызметкерлер саны Алматы қаласында ең көп – 985,8 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер бойынша – Түркістан және Алматы облыстары, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.

Жұмыспен қамту бойынша іріктеп зерттеу деректеріне сәйкес, Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша есептелген Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын болған) 4,6% құрады. Өткен жылдың тиісті тоқсанында көрсеткіш 4,7% болған.

12 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бюро «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 26 мамыр мен 12 маусым аралығында нормативтік құқықтық актілерде және Бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізетін болады.

05 мая 2025
Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді
Қазақстан деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) әлемдік рейтингінде 51-ші орыннан 44-ші орынға дейін көтеріліп, өз позициясын жақсартты (2020 жылы – 187 елдің ішінде 54-ші, 2022 жылы – 195 елдің ішінде 51-ші орын). 
 
2024 жылы Қазақстанның жалпы балы 100-ден 72-ні құрады, рейтингте ресми статистиканың негізгі секторлары бойынша деректер ашықтығы мен қамтылу дәрежесі бағаланды. Қазақстан «қамту» индикаторы бойынша ерекше жоғары нәтиже көрсетті, 198 ел арасында 14-ші орын. 
 
2024 жылы рейтинг көш басын Малайзия бастады, жалпы ұпайы – 90, одан кейін үздік бестікке Сингапур, Финляндия, Дания және Польша кірді. 
 
Open Data Inventory (ODIN) халықаралық рейтингі 2015 жылдан бастап қалыптасады және Ұлттық статистика басқармасының сайтында немесе басқа да ресми мемлекеттік платформаларда жарияланған ресми статистиканың ашықтығы мен толықтығын бағалайды. 
 
ODIN негізгі мақсаты – деректердегі олқылықтарды анықтау, ашық деректер саясатын ілгерілету, пайдаланушылардың ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және статистика органдары мен қоғам арасындағы диалогты дамыту.
02 мая 2025
Қызылордада облысы бойынша статистика департаментінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобымен бірігіп, «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шарасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.


Шара аясында статистика саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен көмекке мұқтаж ардагерлерге тұрмыстық көмек (ауласына санитарлық тазалау, әктеу, жөндеу жұмыстары) көрсетіліп, қажетті азық-түлікпен қамтылды. Сондай-ақ соғыс ардагерлерінің есімдері жазылған мемориал аумағына тазалау жұмыстары жүргізілді.


Аталған акция – аға буынға деген жас ұрпақтың шынайы құрметінің, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі болды.

02 мая 2025
Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтарының сапарларға шығыстары

2024 жылы туристік сапарға шыққан азаматтар саны 11 287 мың адамды құрады, оның ішінде республика шегінде 9 903,5 мың адам (87,7%), республикадан тыс жерлерге – 1 383,4 мың адам (12,3%) сапарға шыққан.

Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 10 532,8 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 93,3%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 754,2 мың адам (6,7%).

Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана (10,5%), Алматы (10,2%) қалалары, сондай-ақ Түркістан (8,8%), Қарағанды (7,9%) және Алматы (7,4%) облыстары бар.

 

Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатын туыстары не таныстарына (64,2%) баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және санаторилерде (3,3%) тоқтағандардың үлесі айтарлықтай аз.

Пайдаланылған көлік түрлері бойынша қарасақ, ел ішінде сапарлағандар өз автокөлігімен (36,1%) және теміржол көлігімен көбірек қозғалған (26,4%), сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) жөн көрген.

 

2024 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 957,7 млрд теңгені құрады, ел ішінде сапарлағандардікі – 582,7 млрд теңге (60,8%).

Қазақстан шегінде жеке мақсатта туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (29,5%), көлік қызметтері (25,2%), тамақтану (21,0%) және орналастыру орындарында тұру (12,6%) қызметтеріне кеткен.

30 апреля 2025
Атырау статистика департаментінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту іс-шаралары шеңберінде, бүгін Бюроның Атырау облысы бойынша департаментінде Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының “Абай - дана, Абай - дара қазақта” тақырыбында ұлы Абайдың шығармашылығымен таныстырылым өткізу мақсатында көшпелі көрме ұйымдастырылды.

30 апреля 2025
Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметіне Гүлмира Қараулова тағайындалды. Бұған дейін ол Бюроның Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаментінің директоры қызметін атқарған.

Гүлмира Қараулова – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Халықаралық бизнес университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Экономика, әлеуметтік ғылымдар және саясаттану салаларының магистрі.

Статистика саласындағы еңбек жолын 2000 жылы Статистика агенттігінің Әлеуметтік статистика және үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының Халықтың өмір сүру деңгейі статистикасы бөлімінде жетекші маман болып бастаған. Кейін РМК «Ақпараттық-есептеу орталығы» үй шаруашылықтары статистикасы ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінде еңбек жолын жалғастырған.

2007–2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Еңбек статистикасы және үй шаруашылықтарын зерттеу департаментінде сарапшыдан басқарма басшысына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарған.

2014–2019 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасын басқарған.

2019 жылдан бастап Ұлттық статистика бюросында Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасын, кейіннен департаментін басқарып, директор орынбасары және директоры қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметінде ол ұлттық шоттар, еңбек және халықтың өмір сүру деңгейі, өнеркәсіп, қызмет көрсету, энергетика, туризм және инвестиция статистикасы бағыттарына жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін бітіріп, Дьюк университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінде оқу бағдарламасынан өткен. Халықаралық Валюта

Қорының Институтында   макроэкономикалық  статистика бойынша оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған.

Гүлмира Қараулова «Статистика үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы