Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бюро туралы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Все материалы
16 октября 2023
Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері «Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауының қола жүлдегерлері атанды

Бүгін Digital Bridge-2023 халықаралық технологиялық форумында «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының командасы «Орталық мемлекеттік органдар» аталымы бойынша «Жылдың үздік жобасы» номинациясының қола жүлдегері атанды.

Жүлделі орынды Бюроның Статистикалық тіркелімдер мен жіктеу департаментінің директоры Елнұр Бекбердиев пен Статистикалық тіркелімдер мен жіктеу департаменті директорының орынбасары Ұлжан Беделова иеленді.

 Олар анықтамалық жіктеуіштер мен анықтамалықтарды сақтауға және жүргізуге арналған «Ұлттық статистикалық ақпарат» цифрлық сервисінің жобасын таныстырды.

Айта кетейік, «Qazaqstan Project Management Awards» Қазақстанда 2020 жылдан бері өткізіліп келеді, ол жоба командаларын қолдауға және олардың жобаларды басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған.

16 октября 2023
Тамыз айында 98,2 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

2023 жылғы тамызда 98,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% артты, алайда соңғы 12 ай ішіндегі ең төменгісі.

Осылайша, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5085,4 мың бірлікті құрады, оның 87,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 10%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар.

Республика бойынша 4 249,4 мың жеңіл автокөлік жеке меншік иелерінің меншігінде. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншік иелеріндегі жеңіл автомобильдер саны 17%-ға артты.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (500,9 мың бірлік), Алматы (500,1 мың бірлік) және Астана (311 мың бірлік) қалаларының тұрғындарына тиесілі.

Халықтың жеке меншіктегі жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілуі бойынша 100 адамға шамамен 23 бірлік көліктен келеді. Өңірлер бөлінісінде жеңіл автокөлікке ең көп ие тұрғындар Шығыс Қазақстан облысында, 100 адамға 41 көліктен, одан кейін Алматы облысы – 34 көліктен, Қарағанды облысы – 27 көліктен.

2023 жылдың 8 ай ішінде 8253 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 916 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,1%-ға азайды2).

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 40 млн теңге сомасына 72 005 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды3).

13 октября 2023
Ашық қолжетімді ақпарат үшін ақша төлемеңіз

Назар аударыңыз, Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген TikTok пайдаланушыларының қызметтерін пайдаланбауды сұрайды.

Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақшалай сыйақы үшін «Мен сияқты қанша адам бар» сервисіндегі деректерді хабарлау танымал болып келеді. Эфирді ұйымдастырушы тұлға банк аударымы үшін телефон деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімдерін жазады.

Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз.

 

13 октября 2023
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1,2% көбейді

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 18 518,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2%* көбейді.

2023 жылғы қаңтар-тамызда тауар экспорты 7 050,4 млн АҚШ доллары (20,5% көп), импорт – 11 468,2 млн АҚШ доллары (7,9% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,2%,  Беларуста – 3,3%, Қырғызстанда – 4,7%, Ресейде – 91,8%.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,2%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 23,7%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,7%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,2%.

 

 

 

13 октября 2023
Ұлттық статистика бюросы Digital bridge халықаралық көрмесіне қатысып жатыр

Технологиялық форумның көрме аймағында Статистика бюросының стенді орналасқан, форум қатысушылары онда салалық деректер бойынша интерактивті дашбордтармен және цифрлық жобалармен таныса алады.

Форум барысында Мемлекет басшысы Бюроны нағыз цифрлық ведомствоға айналдыруды тапсырды. «Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн», – деді Президент.

Бюроның статистикалық қызметін реформалау портфелі былтырдан бері іске асырылып келеді және 67 жобаны қамтиды. Өзгерістер қазірдің өзінде Бюроның сыртқы және ішкі процестерінде айқын байқалып, әдістемелер қайта қаралып жатыр.

12 октября 2023
Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдайы туралы

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 13 122,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,2% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8937,2 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда бұл 10,7% жоғары.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,3% құрады, азық-түлікке жатпайтын  тауарлардікі – 67,7%.

Сату көлемінің ең жоғары өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, атомобильдерге арналған құрал-саймандар, аяқкиім, жиһаз, сағат және зергерлік бұйымдар.

2023 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 539 млрд теңгені, сауда күндерінде 71 күнді құрады (2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1201 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күн құрады).

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы (32%) мен Астана қалаларына (12,9%), Қарағанды (8%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.

09 октября 2023
2023 жылғы қыркүйектегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

Бір жылда (2023 жылғы қыркүйек 2022 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 5,7% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 3,9% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2% төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй жылдық мәнде баға Павлодар – 18,9%, Семей – 16%, Ақтау – 11,7% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Қызылорда (14,6%), Талдықорған (9,7%) қалалары, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Қарағанды (24,8%), Қонаев (24,6%), Қызылорда қалалары (22,5%).

Тұрғын үйді алып-сату бойынша 2023 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 398 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 815 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 583 мәміле жасалды. 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда (38 810) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 8,8%-ға азайды.   

Мәміле саны бойынша Астана (6 731 – 19%) және Алматы (6 436 – 18,2%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 041 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 319 бірлік (0,9%).

2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте мәміле жасау Алматы қаласы (+8,6%) мен Батыс-Қазақстан облысын (+2,6%) қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде төмендеді. Ал мәмілелер санының ең қатты азаюы Солтүстік-Қазақстан (26,4%-ға), Ұлытау (22,2%-ға) және Қостанай (19,4%-ға) облыстарында тіркелді.

2023 жылдың тамызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7,3%-ға (2 086 мәмілеге) кеміді. Қыркүйек айында пәтерлер бойынша барлығы           26 583 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,8%), Алматы (22,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым, қыркүйек айында олар бойынша 10 184 мәміле ресімделген.

2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда, қыркүйекте жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 13,1%-ға азайып (1 326 мәмілеге), 8 815-ті құрады. Оң динамика тек Астана (15,7%), Алматы (1,4%) қалаларында және Батыс-Қазақстан (6,4%), Түркістан (2,7%) облыстарында тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында 34,1%-ға кему байқалады, бұл барлық өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.   

2023 жылдың қыркүйегінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 2,3%-ға азайған, ол кезде 36 241 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Түркістан облысында (26%-ға) тіркелді, ал Солтүстік-Қазақстан облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (22,1%-ға) байқалды. Теріс динамика 2023ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -26,4%-ды  құрады.

 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

 

09 октября 2023
2022 жылы жан басына шаққандағы халықтың атаулы ақшалай табысы орта есеппен 157 017 теңгені құрады

2022 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша айына орта есеппен 157 017 теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20,2% артық. Аталған кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін (15%) ескерсек, нақты мәнде халықтың ақшалай табысы 4,5% артты.

2022 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мөлшері бойынша ең жоғары мән Атырау облысында (315 448 теңге), ең төменгі мән Түркістан облысында (82 900 теңге) байқалды.

Айта кетейік, халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинауға бағытталған ақшалай қаражаты. Оның шамасы макродеңгейде есептеу әдісімен анықталады және бағалау бойынша халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табысын (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен)  және әлеуметтік трансферттерді қамтиды.

Жан басына шаққандағы орташа табыс жалпы табыс сомасын тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі.

Нақты ақшалай табыс – бұл инфляция деңгейін ескере отырып есептелген номиналды ақшалай табыс.

Ескертпе. Бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 14350 болып тіркелген, Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі негізінде жүргізілді.

05 октября 2023
Қазақстан Республикасындағы профессорлық-оқытушылық құрам туралы

2022-2023 оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны 97 407 адамды құрады, оның ішінде 30-дан 39 жасқа дейінгі педагогтар – 33,2% (32 372 адам), 40-тан 49 жасқа дейінгі  – 26,6% (25 965 адам), 30 жасқа дейінгі – 19,1% (18 632 адам), 50 жастан 59 жасқа дейін – 17,2% (16 718 адам), 50 жастан жоғары – 3,8% (3 720 адам), зейнеткерлік жаста – 3% (2 909 адам). Ағылшын тілін меңгерген педагог саны 3 715 адамды құрайды.

Жалпы білім беретін мектеп педагогтарінің саны 393 791 адамды құрайды, оның ішінде 80% астамы – әйелдер (318 337 адам).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушылар саны жоғарыда көрсетілген кезеңде 36 918 адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 71,6% (26 428 адам).

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басында оқытушылардың негізгі (штаттық) құрамының саны 36 404 адамды құрады. Магистр академиялық дәрежесі – 39,2% немесе 14 256 адам, ғылым кандидаттары – 28,7% немесе 10 456 адам, философия докторлары (PhD)-10,2% немесе 3 732 адам, ғылым докторлары - 7,3% немесе 2 656 адам, бейіні бойынша доктор-0,7% немесе 271 адам.

Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың ең көп саны Алматы (4 661 адам), Астанада (1 576 адам) және Қарағанды қалаларында (1 230 адам).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың негізгі саны 40 және одан жоғары жас тобына тиесілі – 44,7% (16 287 адам), 30-39 жастағы – 24,4% (8 886 адам) құрайды.

 2022-2023 оқу жылының басына «Педагогикалық Ғылымдар» мамандығы бойынша оқитын студенттер саны 168 500 адамды құрады, оның ішінде 67% – әйелдер (112 850 адам).

2022-2023 оқу жылында осы мамандық бойынша 51 384 адам қабылданды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1.5% артық (771 адам). 

04 октября 2023
Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылармен онлайн-сессия өткізді

 Онлайн-сессияға зерттеушілер мен түрлі салалардың мамандары қатысып, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері белсенділік танытты. Сессияның негізгі мақсаты статистика бюросы сайтының пайдаланушыларымен ынтымақтастық құрып, қызығушылық білдірген тараптармен байланысты нығайту.  

Сессияда сөз сөйлеген Бюро басшысының орынбасары Жаннат Дүбірова Бюро жұмысын реформалаудағы іс-шараларға тоқталып, институционалдық-ұйымдастырушылық қайта құру, әкімшілік және балама көздерді пайдалану, сондай-ақ аналитикалық әлеуетті нығайту мен деректерге қолжетімділікті кеңейту жөніндегі негізгі бағыттар жайлы толық айтып берді.

«Бюрода жүргізіліп жатқан барлық реформа саладағы қоғамдастықтың, пайдаланушылар мен респонденттердің пікірін ескере отырып кезең-кезеңімен іске асырылады. Бұл бізге барлық мүдделердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл онлайн-сессия тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Осы арқылы пайдаланушыларымызға бюроның цифрлық трансформациясының барысы таныстырылып, жаңа пайдалы сервистер көрсетіледі. Сондай-ақ статистикалық өндірістің белгілі бір мәселелеріне, оның ішінде қолданыстағы IT сервистердің әдіснамасы, жарияланымдар мен функционалды жетілдіруге қатысты кері байланыс орнатылады», – деп атап өтті Жаннат Дүбірова.

Сессия барысында салалық департаменттердің директорлары сайтпен жұмыс істеу ерекшеліктері жайлы айтып, интерактивті дашбордтарды таныстырды. Атап айтқанда, зерттеу жүргізу үшін деректерді алу, сайтқа жарияланған деректерді жедел алу үшін жеке кабинетке жазылу, қажетті ЭҚЖЖ-ны іздеу, сондай-ақ туындаған мәселе бойынша сайт, телеграм бот және 1446 байланыс орталығына жүгіну мүмкіндіктері жөнінде айтылды. 

Қатысушылар деректердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты өз сұрақтарын жолдап, баяндамалар бойынша нақты сауалдарын қойды. Оның ішінде пайдаланушыларды денсаулық сақтау, өнеркәсіп, инвестициялар статистикасы, сондай-ақ дата-бақылаушылар институтын енгізу мәселелері қызықтырды. Барлық айтылған ұсыныстар кезекті әдіснамалық кеңес барысында қаралатын болады.

Ұлттық статистика бюросы барлық атсалысқан қатысушыға белсенділік танытқаны және уақыт бөлгені үшін алғысын білдіреді.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты