Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бюро туралы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Все материалы
04 января 2023
Қазақстан Республикасындағы инфляция

Бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда желтоқсанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,2% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары 1,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,3%-ға, ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттады.

Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6%-ға, қызанақ 14,6%-ға, тәтті бұрыш 8,4%-ға, пияз 7,9%-ға, қызылша 3,8%-ға қымбаттады. Құмшекер 3,8%-ға, лимон 0,9%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде желтоқсан айында техника бағасы айтарлықтай жоғарылаған. Мәселен, 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%-ға, планшет – 6,3%-ға, электрлі жылытқыштар – 6,1%-ға, ноутбук – 3,7%ға қымбаттады. Ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%-ға, кір жуғыш ұнтақтікі 4%-ға өсті.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,5%-ға өсті. Туристердің медициналық сақтандыру қызметі 7,3%-ға, көлік жуу қызметі 3,8%-ға қымбаттады. Коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің төмендеуі орталықтан жылыту (1 гКал) мен ыстық суға (1 м3) байқалды – әрқайсысы 0,4%-дан.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелді – әрқайсысында 1,9%-дан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсысында 0,7%-дан.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары Қостанай және Жамбыл облыстарында ең көп өсті – 2,5%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар Қостанай облысында – 2,2%, ақылы қызметтер Жетісу облысында – 1,7%.

 

2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ға, ақылы қызметтер 14,1%-ға өсті.

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%-ға, кір сабын 87,6%-ға, кеңсе тауарлары 70,3%-ға қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондарда) – 23%-ға, қырыққабат 15,2%-ға арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

* 2022 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін құру кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 30,2%, ақылы қызметтердікі 29,1% құрайды.

 

         

30 декабря 2022
Ұлттық статистика бюросы ресми ресурсын жаңартты  

Ұлттық статистика бюросы пайдаланушыларға ресми сайттың жаңартылған нұсқасын ұсынады.

Бүгінде пайдаланушыға сайтқа кірген кезде тестілеу үшін сайттың жаңа нұсқасына өту ұсынылады. Сайттың барлық қызметтері мен ішкі жүйелері әдеттегі режимде жұмыс істейді, олар пайдаланушылар үшін барынша жеңілдетілген. Сайт мобильді құрылғылардың барлық түріне бейімделген, қарапайым және қолдануға ыңғайлы етіп жасалған.

Сайттың жаңа құрылымы пайдаланушылардың мінез-құлқын зерттеу арқылы, сайтқа арналған жаңа шешімдерді сынаған фокус-топтың пайымдары мен ұсыныстары негізінде әзірленді.

«Біздің сайттың трафигі күн сайын артып келеді. Өткен жылы 14,7 миллион адам сайтқа кірген. Сондықтан біз оны пайдаланушылар үшін мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырыстық. Біз сайттың құрылымын өзгерттік, сонымен бірге әдеттегі бағандарды сақтап, халық, инфляция, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, кірістер және сыртқы сауда балансы бойынша негізгі айдарларды енгіздік, онда ақпарат жасақталуына қарай жаңарып отырады. Мұнда навигация жақсартылған. Жарияланымдардың жаңа web-форматы және статистикалық ақпаратты ұсынудың жаңа құралдары енгізілді. Әр саланың өз парақшасы бар, онда сіз барлық статистикалық көрсеткіштерді толық көлемде ала аласыз. Келесі кезеңде біз респонденттің кабинетін жаңартумен айналысатын боламыз», – деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Сайтта ыңғайлы іздеу жүйесін енгізуге барынша күш салынды. Сайттың барлық бөлімдері ақпаратты ұсынудың бірыңғай стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған: кестелер тақырып бойынша топтастырылған, шығарылым күнтізбесі пайда болды. Әр бөлімдегі түсіндірме материалдар қол жетімді түрде берілген және визуалды графикамен толықтырылған. Қолданылатын дизайн жүйесі көру қабілеті нашар адамдарға ақпарат берудің заманауи стандарттарына сәйкес келеді. Сайттың жаңа нұсқасы тестілеу кезеңі аяқталған соң күшіне енеді. Барлық ескертулер мен ұсыныстарды «Пікірлер мен ұсыныстар» айдарында қалдыруға болады.

Сонымен бірге бюроның логотипі де өзгерді. «Логотипте Мемлекеттік Тудың негізгі түсттерінің реңкі қолданылған. Логотиптің негізгі «Q» элементі «Қазақстан» ел атауының және «Қазстат» атауының қысқартылған нұсқасын латын жазуындағы әріп емлесімен берілген. Дөңгелек пішінді «Q» әрпі өңдеуде қолданылатын бастапқы деректердің құпиялылығын және жүргізілген бақылаулардың тұтастығының сақталуын білдіретін тұйық фигураны білдіреді. Логотиптің бұрышындағы бар-чарттар Бюроның ақпарат жинайтын негізгі үш бағытты – салалық статистиканың негізгі көрсеткіштерінің де, Бюро қызметінің де өсуіне алып келетін әкімшілік және балама көздер, респонденттермен жұмыс істеуді білдіреді», – деп түсіндірді Ж.Шаймарданов.

 

30 декабря 2022
Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері Дүниежүзілік банк сарапшыларының оқуынан өтті

Дүниежүзілік банк экономистері Астанада Ұлттық статистика бюросының мамандары үшін шағын аумақтарды бағалау бойынша оқыту семинарын өткізді.

Оқыту барысында Дүниежүзілік банктің өкілдері әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, білім алушыларды фискалдық саясаттың ресурстарды бөлудегі ерекшеліктермен таныстырды және фискалдық саясаттың үй шаруашылықтарының бюджетіне қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы  көзқарастарымен бөлісті. Олардың пікірінше, фискалдық саясаттың әсерін талдау әлсіз жақтарды, салық мен шығыстарды қайта бөлудегі тиімсіз шектеулерді анықтауға, кедейлік пен теңсіздік аспектілері бойынша басқа елдермен салыстырулар жүргізуге көмектеседі.

Сонымен бірге, миссия шеңберінде Дүниежүзілік банк Stata SE арнайы статистикалық бағдарламалық құралын пайдалана отырып, бұрын ресми статистикалық байқаумен қамтылмаған шағын аумақтарды бағалау бойынша есептеулер жүргізді.

Бағалау аумақтар мен бақылау бірліктеріне негізделген әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Әдістердің екеуі де қолжетімді әкімшілік деректерді және ресми сауалнамаға қосылмаған аумақтардың өнімділігін бағалау үшін регрессиялық модель құрастырылатын басқа көздерден алынған деректерді (мысалы, спутник суреттері) пайдаланады.

Сонымен қатар, семинар барысында «Қазақстанды тыңдай отырып» сауалнамасы негізінде саясатты әзірлеу мәселелері және салық-бюджет саясатының халық арасында кедейлік деңгейіне әсер етуінің бөлінісі әдіснамасының мәселелері талқыланды.

Семинар соңында тараптар қосымша мәселелерді талқылап, аталған тақырып шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажеттігі туралы пікір білдірді.

 

 

 

28 декабря 2022
2022 жылғы 9 айдағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

Есептік деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 41,7%, қызметтердікі – 49,7% құрады.

Ең үлкен өсімді Ақпарат және байланыс – 110,7%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 106,9% және Құрылыс – 105,1%  салалары көрсетті.

ЖІӨ-нің НКИ-ге ең үлкен салымды Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 0,7 пт.,  Өңдеу өнеркәсібі – 0,6 пт. және Құрылыс – 0,3 пт. салалары қосты.

 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

27 декабря 2022
Ұлттық статистика бюросы денсаулық сақтаудың қосалқы шотының пилоттық нұсқасын жүргізе бастады

Денсаулық сақтаудың қосалқы шоты осы саладағы кірістердің, шығыстардың, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлық ағындарын көрсететін кестелер мен шоттарды қалыптастыруды көздейтін жүйе. Бұл шот шығындардың, қайда, не үшін және кім үшін жұмсалғанын, шығындардың уақыт өте келе қалай өзгеретінін бақылауға мүмкіндік береді және оның көмегімен жағдайы ұқсас елдердің шығындарымен салыстыруға мүмкіндек береді. Пилоттық шот 2017-2020 жылдардың мәліметтерін қамтиды.

«Денсаулық сақтаудың қосалқы шотының артықшылығы – денсаулық сақтау қызметтері мен тауарларын жеткізушілері бөлінісінде медициналық тауарлар мен қызметтерді өндіру және тұтыну динамикасын қадағалау мүмкіндігі, олардың экспорты мен импорты, сондай-ақ активтердің түрлері бойынша денсаулық сақтау салаларындағы негізгі қорларды сатып алу», – дейді Бюроның ұлттық шоттар департаментінің директоры Әсет Нақыпбеков.

Қосалқы шот мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы пандемия кезінде денсаулық сақтау қызметтерін өндіру мен тұтыну көрсеткішінің күрт өскені байқалды. Денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтерінің жалпы шығарылымы 2 есеге жуық өсті – 2019 жылғы 2,2 трлн теңгеден 2020 жылы 4,3 трлн теңгеге дейін.

Шығарылымның ең көп өсімі (4 есе) амбулаториялық көмек берушілер тарапынан байқалды – 245,9 млрд теңгеден 970,9 млрд теңгеге дейін.

Номиналды түрде стационарлар қызметтерінің шығарылымы 84,1%-ға өсті: 2019 жылы 1 309,6 млрд теңгеден 2020 жылы 2 410,5 млрд теңгеге дейін. Бірінші кезекте емдік көмек көрсету есебінен.

Толық ақпарат stat.gov.kz сайтындағы «Ұлттық шоттар статистикасы» бөліміндегі кестелерде келтірілген. Бұл есептеулер ұлттық шоттар жүйесі және денсаулық сақтау шоттары жүйесі туралы басшылыққа сәйкес халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырылды. Бұл бағалау жыл сайын макродеңгейде жүргізіледі деп жоспарлануда.

Қалыптастырылатын бағалаудың сапасын жақсарту мақсатында пайдаланушылар пилоттық шотқа өз ұсыныстары мен ескертулерін to.bekturova@aspire.gov.kz және m.madibekova@aspire.gov.kz электрондық мекенжайларына жібере алады.

Туындайтын сұрақтар бойынша 8 (7172)749260, 8 (7172)749304 телефондарына хабарласуға болады. 

 

 

 

22 декабря 2022
Қазан айында 106,3 мың бірлік автокөлік құралдары есепке қойылды

2022 жылғы қазанда есепке 106,3  мың бірлік автокөлік құралы қойылды1), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,9% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 34,7%-ға, жүк автомобильдері – 46,3%-ға артты, автобустар – 9,1%-ға азайды.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны    4 389,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 2%-ы автобустар.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада жеке тұлғаларының меншігінде 3 634,4  мың жеңіл автокөлік бар. Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (472,7 мың бірлік), Алматы қаласының (433,1 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (272,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.

20 жыл бұрын шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысы (318,2 мың бірлік), Алматы қаласы (177 мың бірлік) және Қарағанды облысында (155,7 мың бірлік) басым. Одан жаңалау және шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (43,4  мың бірлік), Астана қалаларының (39,9  мың бірлік) және Қарағанды облысының (16,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.

21 декабря 2022
Бюро қызметкерлері жоғары оқу орындарында қонақ дәрістерін өткізді

Ұлттық статистика бюросы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының студенттері үшін қонақ дәрістерін өткізді.

Дәрістер жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді, оның мақсаты статистикалық талдау әдістерін, әдіснамасын, әлеуметтік-экономикалық процестерді болжау және ұлттық экономиканың жай-күйін болжау әдістері турасында терең теориялық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау.

Бюро өкілдері бакалавриат студенттеріне демография және көші-қон, базалық салалардың дамуын талдау, ЖІӨ әдіснамасы мен сараптамасы, инфляция және баға индексі сияқты тақырыптық бағыттар бойынша дәріс берді. Сонымен қатар олар студенттерді Бюро жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Бұл шара еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 2023 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалымен магистратураға арналған «Ұлттық экономиканың статистикалық талдауы» бағдарламасы аясында кадрларды даярлау жоспарланып отыр», – дейді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Осы сияқты меморандум, сондай-ақ, АСТАНА IT УНИВЕРСИТЕТімен де жасалды. Бюро жас мамандардың кәсіби дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал ететін түрлі дәрістер мен байқаулар өткізіп, жас мамандарға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.

 

 

 

 

15 декабря 2022
2022-2023 оқу жылының басындағы Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

Қазақстан Республикасында биылғы оқу жылында жұмыс істеп тұрған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруұйымдарының саны – 116, оның ішінде 105 ұйым магистранттарды,
 73 ұйым докторанттарды және 18 ұйым-резидентура тыңдаушыларын даярлауды жүзеге асырады. Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы санынан ұйымдардың 72,4% – жекеменшікте,25,9% –  мемлекеттік, 1,7% -  шетелдік меншікте.

Студенттер

2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны 578,2 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер –308,6 мың адам немесе 53,4%.

Студенттердің жалпы санының күндізгі бөлімінде 98,5%, сырттай –0,7% және кешкі оқу түрінде0,8% оқиды. Мемлекеттікжоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 21,7%, жеке ұйымдарда-77,5%, шетелдік ұйымдарда – 0,7%. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша есепті оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 213,4 мың адам немесе 36,9%-ыоқиды, ақылы білім беру қызметтерін 364,9 мың адам немесе білім алушылардың жалпы санының 63,1% алады.

2022-2023 оқу жылының басында қабылданған студенттер саны 163,5 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 86,2 мың адам немесе 52,7%. Оқуға түскен студенттердің жалпы санының 68,6% – жалпы орта білім беру базасында, 20,2% – техникалық және кәсіптік білім беру базасында және 11,2% - жоғары білім беру базасында қабылданды.

Есепті жылы қабылданған студенттердің жалпы санының 1,7% ТМД елдерінен, 1,2% алыс шет елдерден келді; Қазақстан Республикасынан қабылданған студенттердің үлесі 97,1% құрады.

 

Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің жалпы саны 295,1 мың адамды құрайды,олардың 24,8% жатақханаларда тұрады, ал 40%жатақханаға мұқтаж. 2022-2023 оқу жылының басында 555,7 мың адам немесе студенттердің жалпы санының 96,1% Қазақстан Республикасының тұрғындары, 11,1 мың адам немесе 1,9% ТМД елдеріненжәне11,4 мың адам немесе 2%  алыс шет елдерден келді. Студенттердің ең көп саны Өзбекстаннан (1,4%) және Үндістаннан (1,3%).

Магистранттар

2022-2023 оқу жылының басында магистранттардың жалпы саны 35,7 мың адамды құрады, оның ішінде 21,7 мың адам немесе 61% – әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 19,1 мың адам немесе магистранттардың жалпы санының 53,7% оқиды, ақылы білім беру бөлімінде 15 мың адам немесе 42% оқиды. Магистратураны бітіріп шыққандар 22,2 мың адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғағандар – 20 мың адам немесе 90,1%.

Докторанттар

2022-2023 оқу жылының басында докторанттардың жалпы саны 6,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 63% - әйелдер. Есепті жылы қабылданған докторанттардың саны 1711 адамды құрады, ал белгіленген мерзімнен жоғары даярлықтан өткен докторанттардың саны – 408 адам. Бітіріп шыққан докторанттар саны
1536 адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғағандар – 15,2%.

Оқытушылар

2022-2023 оқу жылының басында республиканың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында36,4 мың оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде магистрлер - 39%, ғылым кандидаттары - 29%, доценттер - 13%, философия докторлары (PhD) - 10%, ғылым докторлары - 7%, профессорлар - 6% және бейіні бойынша докторлар- 1%.

14 декабря 2022
Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-қарашада 101,4% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Жамбыл (10,6%), Ақмола (10,6%), Абай  (9,8%) облыстарында және Алматы қаласында (10,3%) байқалды. Төмендеу Қостанай (5,1% - ға), Түркістан (4,5% - ға), Атырау (2,3% - ға), Жетісу (2,1% - ға), Батыс Қазақстан (1,3% - ға), Қызылорда (1,1% - ға) және Павлодар (0,7% - ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-қарашада 43850 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 22690 млрд. теңге (жалпы көлемнен 51,7%), өңдеу өнеркәсібінде - 18783 млрд. теңге (42,8%).

2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда түсті металдар кендері (105,9%), сусындар (110,1%), темекі өнімдері (109,8%), жеңіл өнеркәсіп (106,9%), химия (109,4%) және металлургия өнеркәсібі (103,9%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,9%) өндірісінің өсуі байқалды.

14 декабря 2022
2022 жылғы қаңтар-қарашада қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,2% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-қарашада былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 103,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 506360 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 497444 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 392347 құрады, оның ішінде 383622 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қарашада 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 118,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 23,4%, азық-түлік емес тауарларға – 17,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 13,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы қарашада 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,2% өсті.

Әлеуметтік сектор

2022 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 149951 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қазанға қарағанда 4,9% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 11,7% төмендеді.

2022 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы қарашаның соңына 221,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы