Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Бюро туралы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Все материалы
15 февраля 2023
2022 жылғы Жалпы ішкі өнім

Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ)  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2% құрады.

Ең үлкен өсімді Құрылыс – 9,4%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%, Көлік және қоймалау – 3,9% және Өңдеу өнеркәсібі – 3,4% салалары көрсетті.

ЖІӨ-нің атаулы мәні және құрылымы

 

ЖҚҚ,

млн. теңге

Құрылымы,

%-бен

Өткен жылға, %-бен

НКИ

дефлятор

Жалпы ішкі өнім

101 522 983,7

100,0

103,2

117,2

  Тауарлар өндірісі

40 335 725,5

39,8

103,2

115,5

     Ауыл, орман және балық шаруашылығы

5 267 971,4

5,2

109,1

114,3

     Өнеркәсіп

29 678 203,5

29,3

101,0

118,2

     Құрылыс

5 389 550,6

5,3

109,4

103,4

  Қызметтер өндірісі

53 407 849,7

52,5

102,6

115,0

  Жалпы қосылған құн

93 743 575,2

92,3

102,9

115,2

Таза салық

7 779 408,5

7,7

107,9

148,5

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.

ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

 

* 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша нақтыланған алдын ала деректер ағымдағы жылдың 21 сәуірінде жарияланады.

 

14 февраля 2023
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,5% көбейді

Алдын ала деркетер бойынша 2022 жылы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 28 311,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5%* көбейді.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тауарлар экспорты 9 709,8 млн АҚШ доллары (24,3% көп), импорт – 18 601,4 млн АҚШ доллары (0,9% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы**

(млн АҚШ доллары)

 

 

Экспорт

Импорт

қаңтар-желтоқсан

2021ж.

қаңтар-желтоқсан

2022ж.

қаңтар- желтоқсан

2021ж.

қаңтар- желтоқсан

2022ж.

Ресей

7 018,7

8 780,7

17 605,5

17 342,7

Қырғызстан

674,8

745,3

375,8

383,9

Беларусь

110,3

156,8

780,7

860,1

Армения

10,3

26,9

10,5

14,7

Барлығы

7 814,1

9 709,8

18 772,5

18 601,4

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (77,4% аз).

Импорттағы ең үлкен өсім қара металдан жасалған құбырлар мен басқа да түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша өсім байқалды – 2,5 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарының импорты төмендеген (77% аз).

* Алдын ала деректер

** Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі

 

14 февраля 2023
Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтардағы жағдайы туралы

Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтарда 1 059,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 20,8% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 32,6% өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі – 27,6%, азық-түлік емес тауарлардікі – 72,4%.

Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда фармацевтикалық тауарлар, мотор отыны, автомобиль, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын және электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.

2023 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 456,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 76 күнді құрады (2022 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 087,9 млрд теңгені, сауда күндерінде – 86 күн).

2023 жылғы қаңтарда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,7%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,4%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына келеді.

 

13 февраля 2023
Еңбек нарығындағы жағдай

2022 жылы IV тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам1) жұмыспен қамтылды, олардың 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

IV тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат,     жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.

Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.

IV тоқсанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 0,1 п.т төмендеп, 4,8% құрады.

Жұмыссыздар саны 456,1 мың адамды құрады. Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны III тоқсанмен салыстырғанда 19,3% азайды және 39,5 мың адамды құрады.

15-28 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі III тоқсанмен салыстырғанда 0,1 п.т төмендеп, 3,8% құрады. NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 0,4 п.т төмендеп, 6,3% құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы қаңтар айының соңына 212,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олар жұмыс күшінің 2,3%-ын құрады.

 

Анықтама:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

1) Деректер 2021 жылғы Халық санағының қорытындалары бойынша анықталған халық саны есебімен келтірілген.

2) Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. жастардың жасы 35 жасқа дейін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлғайтылғандықтан, 2022 жылғы IV тоқсандағы көрсеткіште 15-28 жас аралығындағылар ескерілген.

 

10 февраля 2023
Бюро қызметкерлері жоғары оқу орындарында сабақ бере бастады

Бүгінгі таңда Бюро өз қызметкерлерінің, жалпы жұртшылықтың да data-сауаттылығын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда.
Статистика саласындағы кадр әлеуетін дамыту, сондай-ақ статистикалық деректердің пайдалануылуын танымал ету мақсатында Бюро қызметкерлерін оқытушылық қызметке тарту арқылы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жұмыс аясында жоғары оқу орындарымен (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, Астана IT университеті, МБА) меморандумдар жасалды. Бюро қызметкерлері дәріс оқып, университеттердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуіне қатысады.


Қазір Бюро тарапынан жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына қосу үшін статистикалық әдіснама мен статистикалық индикаторларды талдау бойынша 9 блоктан тұратын әмбебап модуль әзірленді.


«Статистикалық индикаторлардың әдістемесі мен талдауы» модулі аясында алғашқы дәріс М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалында «Экономика» мамандығының 3-курс студенттері үшін өтті.


Алғашқы кіріспе лекцияны Бюроның «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК Аналитикалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры Сәрсен Жаңабеков оқыды. Дәріс барысында ол статистикалық көрсеткіштерді талдаудың ерекше рөліне, сондай-ақ оларды есептеудің әдістемелік негіздеріне тоқталды. Сондай-ақ ол өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық статистикалық жүйенің ерекшеліктері мен статистиканы қалыптастыру үдерісіне, мемлекеттік органның алдында тұрған өзекті міндеттерге жеке тоқталды.

10 февраля 2023
2023 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 294 мәміле тіркелген

2023 жылғы қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 294  мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 879 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 18 415 мәміле жасалды.  Алдыңғы аймен (33 587) салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27,7%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 599 – 23,0%) және Астана (4 040 – 16,6%) қалалары әлі де көш бастап тұр.  Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 285 (1,2%).

2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2023 жылдың қаңтарында мәміле бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалды. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-43,1%), Абай (-42,0%) және Ақмола (-41,5%) облыстарында болды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7 618-ге азайған, олар бойынша қаңтар айында барлығы 18 415 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,8%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Қаңтар айында олардың 7 586-ы ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (63,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 6 214 мәміле жасалды.

2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 22,2%-ға  (1 675 мәмілеге) азайып, 5 879-ды құраған. Сонымен қатар, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.

2023 жылдың қаңтарында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 27,2%-ға азайған, ол кезде 33 365 мәміле ресімделген болатын (2021 ж. қаңтар – 21 577). Осылайша теріс көрсеткіш барлық дерлік аймақта тіркелді. Тұрғын үйді алып-сату бойынша айтарлықтай тұрақтылық Астана қаласында байқалды, мұнда төмендеу не бәрі – 0,8%. Ал оң динамика тек Алматыда тіркелді, өсім – 34,1%.

 

 

 

09 февраля 2023
2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы демографиялық жағдай туралы

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж) дүниеге келді , оның ішінде 208 мыңы – ұлдар, 195,5 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020ж. – 263 мың, 2021 ж. – 267 мың).

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстарында (1000 тұрғынға 27,23 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 26,34 адам) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 11,84), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,71) және Қостанай облыстарында
(1000 тұрғынға 10,82) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

 

Аталған кезеңде 128,5 мың неке тіркелді, 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға төмендеді. Неке коэффициенті 1000 адамға 6,46 құрады. Сондай-ақ, осы кезеңде 17,7 мың ажырасу тіркелді (соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша), бұл да 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,89 құрады.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы обласында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге келгендер саны 17 293 адам, елден кеткендер саны  24 239 адамды құрады. Көші-қон сальдосы –  -6 946 адам. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құрады.

Статистикалық кестені қарау:

https://new.stat.gov.kz/industries/social-statistics/demography/publications/ 

 

09 февраля 2023
Жалға беру нарығындағы бағаның төмендеу тенденциясы жалғасуда

Бір жылда (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтарға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті. Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2023 жылғы қаңтар

Анықтама: 2022 жылғы  желтоқсан

 

2022 жылғы  қаңтарға

2022 жылғы  желтоқсанға

2021 жылғы   желтоқсанға

2022 жылғы     қарашаға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

481 8911)

14,0

0,72)

15,6

0,4

Пәтерлерді қайта сату

515 019

18,7

0,32)

21,6

-1,5

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 671

34,3

-2,5

45,0

-1,6

             

1)  Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

2 Базалық объектілердің салыстырмалы шеңбері бойынша қайта есептелді.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті. Тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалып отыр,  алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда баға 2,5%-ға  төмендеді.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады

 

Электронды кестені қарау:

https://new.stat.gov.kz/industries/economy/prices/spreadsheets/ 

07 февраля 2023
2022 жылғы IV тоқсандағы жалақы

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IV тоқсанда* 338 715 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 22,9%-ды, нақты мәнде 2,8%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІV тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңгені құрады.

 

I тоқсан 2022

II тоқсан 2022

III тоқсан 2022

IV тоқсан 2022

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

285 433

312 011

299 782

338 715

атаулы жалақының индексі, 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

   123,7

   124,0

123,0

122,9

нақты жалақының индексі, 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

   112,7

108,9

105,8

102,8

Медианалық жалақы (бағалау), теңге

204 172

204 196

204 211

204 168

медиандық атаулы жалақының индексі (бағалау), 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

133,6

122,6

126,5

111,9

медиандық нақты жалақының индексі (бағалау), 2021 жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

121,7

107,6

108,8

93,6

«IV тоқсандағы орташа жалақының өсуі жыл соңында берілетін сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз. Деректер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай ұсынылғанын атап өту қажет», – деп түсіндірді Бюроның еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыс – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 32,6%, ақпарат және байланыс – 31,9% салаларында байқалды.

2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 2,4%.

Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді – 35,2%. Ең төменгі өсім Алматы облысында – 6,5%.

 

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

 

 

 

 

 

 

 

07 февраля 2023
Ұлттық статистика бюросы инфляцияны есептеу үшін пайдаланылатын дереккөздер санын көбейтеді

Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында бюро басшысы Жандос Шаймарданов мәлімдеді. Жаңа тәсіл фискалдық операторлардың деректері негізінде инфляция мониторингін жасауға мүмкіндік береді. Жаңашылдық статистиканы қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шығындарды оңтайландырып, деректер сапасын арттырады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлескен келісім бойынша әзірленген жоба қазір пилотты тәртіпте сыналып жатыр. Деректерді жинаудың жаңа әдісі Бюроның мәліметтерді жинаудағы дәстүрлі әдісімен қатар жүргізілетін болады.

 

«Бюро жұмысының басым бағыттарының бірі – балама дереккөздерді пайдалану, бұл – фискалдық чектер, яғни кассадан берілетін чектегі мәліметтер. Бірқатар Еуропа елі бұл дереккөзді инфляцияны есептеу үшін белсенді түрде қолданып жатыр. Біз де Қазақстанда осындай жобаны іске асыруға кірістік, Халықаралық валюта қорының сарапшылары әдіснамалық көмек көрсетті. Қаржы министрлігі өз тарапынан фискалдық деректерді ұсынды. Біз оларды мұқият зерттеп жатырмыз, қазіргі уақытта деректерді «тазарту» және белгілеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың негізінде модель құрылады, ол чектегі тауарларды тұтынушы себетінің құрылымына қарай жіктеуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Бұл модель негізінде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауары анықталып жатыр, бұдан кейін тауарлар мен қызметтердің тізімі кезең-кезеңмен кеңейтіледі. Инфляцияны есептеу кезінде фискалдық деректерге толық көшу үшін деректердің тазалығы мен салыстырмалылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ ХВҚ әдістемесімен расталған тауарлар мен қызметтердің бірыңғай каталогын енгізу қажет.

Бүгінгі таңда тұтыну нарығы бойынша ақпаратты аумақтық статистика органдарының мамандары жинайды. Мамандар сауда орындарын айналып өтіп, мониторинг жүргізеді. Баға индексін есептеу үшін Бюро қыметкерлері ай сайын (инфляция бойынша) және апта сайын (ӘМАТ  бойынша) бір уақытта, республика бойынша өз учаскелерінде бағаларды тіркейді. Отырыс барысында бюро басшысы осы статистикалық деректерді жинау процесін жеңілдететін жаңа мобильді қосымшаға да тоқталды.

 «Қазіргі уақытта өңірлерде бағаны біздің мамандар қағазға жазбаша түрде түсіреді. Арнайы қосымша баға котировкасын электронды түрде жазып қана қоймай, сонымен қатар штрих-кодты және өнімнің суретін жасауға, объектінің орналасқан жерін растауға және деректерді онлайн режимде жіберуге мүмкіндік береді», – деді  Жандос Шаймарданов.

Осылайша, бұл деректерді өңдеу уақытын қысқартуға, бақылау сапасын арттыруға және баға талдауын жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қаңтарда жылдық инфляция көлемі 20,7%-ды құрады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 23,4%-ға өсті.

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы