ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының 7 қызметкері Қазақстандағы «Американдық халықаралық білім беру кеңестері» корпорациясының Өкілдігі ұйымдастырған C5+O.N.E. ағылшын тілін оқыту бағдарламасының сертификаттарына ие болды.
Тоғыз ай бойы қызметкерлер кәсіби тіл білімі бойынша біліктілігін дамытуға бағытталған «Экономикалық даму үшін ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша білім алды.
Курс аяқталғаны туралы сертификаттар салтанатты рәсімде табысталды. Іс-шарада Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Колин Гард құттықтау сөз сөйледі.
Айта кетейік, бұған дейін C5+O.N.E. бағдарламасы аясында Бюроның 47 қызметкері кәсіби ағылшын тілі деңгейін арттырып, ауызша қарым-қатынас, оқу және тыңдалым дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы халықаралық сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне ие болды.
C5+O.N.E. бағдарламасының төртінші легінің түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз.
2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген. Жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 құрады. Некелесу көрсеткіші Астана қаласында – 1000 адамға 6,75, сондай-ақ Қарағанды (6,32) және Шығыс Қазақстан (6,27) облыстарында жиірек тіркелген. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 5,06.
Қалалық жерде 78,9 мың неке тіркелсе (68,1%), ауылдық жерде – 37 мың (31,9%).
Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 жас, әйелдер арасында – 25,3 жас.
Ерлер арасында алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі 77%, әйелдер арасында 78% болды. Ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрғандардың үлесі ерлерде – 22%, әйелдерде – 21%.
2025 жылы некенің басым бөлігі жаз айларында тіркелген: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418.
Былтыр отау құрғандардың 80,4%-да моноэтностық неке болса, 19,6% – ұлтаралық неке.
2025 жылы 45,7 мың ажырасу тіркелді. Олардың 34 мыңы (74,4%) қалалық жерде тіркелсе, ауылдық жерде – 11,7 мың (25,6%).
Жалпы жылдық ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары коэффициент Павлодар облысында – 3,43, сондай-ақ Қарағанды (3,41) және Солтүстік Қазақстан (3,28) облыстарында тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 1,03.
Некеде тұру ұзақтығына қарай ажырасулардың ең үлкен үлесі (35%) 1-4 жыл отау құрағандарға тиесілі. 5-9 жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу – 24%, ал үйленгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқандар үлесі 8%.
2025 жылдың 12 айында Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді, оның 51,5% ұлдар, 48,5% – қыздар. 204,9 мың сәби немесе дүниеге келгендердің жалпы санының 61,2% қалалық жерлерде, қалған 130 мың бала – 38,8% ауылдық жерлерде туған.
2025 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,43 құрады. Туудың ең жоғары коэффициенті Түркістан (1000 тұрғынға 22,22 адам), Маңғыстау (21,40) облыстарында және Шымкент қаласында (21,76) тіркелді.
Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге – 27%, сондай-ақ 30-34 жас аралығындағы әйелдерге – 26,1% тиесілі. Былтыр 20 жасқа дейінгі қыздар 10,4 мың баланы, ал 50 жастан асқан әйелдер 148 баланы дүниеге әкелген. 20 жасқа дейін босанған аналардың саны Түркістан облысында басым болса, 50 жастан асып дүниеге нәрсе әкелген аналар саны Алматы қаласында көп.
2025 жылы дүниеге сәби әкелген ананың орташа жасы 29,9 жас болса, алғаш рет босанған аналардың жасы – 25,3 жас.
Былтыр туған балалардың 24% (79,8 мың бала) отбасының тұңғышы атанса, кезек саны бойынша отбасында төртінші болып 53,5 мыңнан астам бала дүниеге келген (жалпы туылғандардан 16%).
2025 жыл ішінде 3 430 егіз дүние есігін ашса, үшемдер саны – 26.
2025 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 23 761 адам келді, ал кеткендердің саны 7 608 адамды құрады. Сыртқы көші-қонның сальдосы оң – 16 153 адам. Осылайша елімізде қатарынан үшінші жыл көші-қонның оң сальдосы байқалып отыр.
2024 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер саны 40,2% азайды, елге келгендер саны 18,9% кеміді.
Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүрген. Достастық елдеріне барлық келушілердің 81,8% және кеткендердің 71,8% тиесілі. Басқа елдердің ішінде Қытайдан, Моңғолиядан және Германиядан келгендердің саны көп болса, кеткен елдер арасында азаматтар Германия, Польша және АҚШ-қа көбірек көшкен.
Келгендердің басым бөлігі тұрақты тұру үшін еліміздің өңірлері арасында Алматы облысын – 5 754 адам, Алматы қаласын – 4 068 адам және Маңғыстау облысын – 3 562 адам таңдаған.
Елден кеткендердің көбі Қарағанды облысынан – 1 451 адам, Алматы қаласынан – 757 адам және Шығыс Қазақстан облысынан – 685 адам көшіп кеткен.
Шетелден кеткендер мен келгендердің негізгі үлесі 35-39 жас аралығындағы азаматтар. Елден кеткендер және келгендер арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар саны басым.
.png)
2024 жылымен салыстырғанда ел ішіндегі көші-қон 13,6% өсті. Өңірлер арасында еліміздің 4 аймағында халық көші-қонының оң айырмасы байқалып отыр: Астана (87 459 адам), Алматы (33 126 адам), Шымкент (15 130 адам) қалалары және Алматы облысында (12 110 адам).
2026 жылғы ақпан айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелген, қаңтармен салыстырғанда (27 745) мәмілелер саны 1,2% азайған. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 732 – 20,9%) мен Астана (5 242 – 19,1%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 250 – 8,2%) тізім басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 255 мәміле (0,9%).
2026 жылғы қаңтармен салыстырғанда мәмілелер санының ең жоғары оң динамикасы Абай (+20,4%), Солтүстік Қазақстан (+14,2%) және Алматы (+10,4%) облыстарында тіркелген. Ең жоғары төмендеу Шымкент қаласында (-28,3%), Жамбыл (-15,8%) және Қызылорда (-12,9%) облыстарында байқалды.
Бір айдың ішінде көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,1% (466 мәмілеге) азайды. 2026 жылғы ақпанда пәтерлер бойынша барлығы 21 259 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,4%), Астана (24,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,6%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2026 жылдың ақпан айында олар бойынша 8 306 мәміле ресімделген.
2026 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны ақпанда 2,4% (142 мәмілеге) өсті. Өткен айда барлығы 6 162 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсуі Атырау (+29,2%), Қарағанды (+27,4%) облыстарында және Алматы (+26,1%) қаласында тіркелген. Ең көп төмендеуі Ұлытау (-26,4%), Маңғыстау (-19,4%) және Қостанай (-16%) облыстарында байқалды.
2026 жылғы ақпанда тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны былтырғы тиісті айға қарағанда 5,5% азайған, ол кезде 29 022 мәміле ресімделген болатын. Жылдық мәнде сәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында (14%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-30,3%). 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 8% азайған.
.png)
.png)
Женева қаласында БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы мен ЮНИСЕФ ұйымдастырған балалар статистикасына арналған сарапшылар кездесуі өтіп жатыр. Іс-шараға Еуропа, Орталық Азия және басқа да өңірлерден ұлттық статистикалық қызметтердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Қазақстан балалар мен жасөспірімдер туралы статистиканы дамытуға бағытталған TransMonEE желісінің сессиясына төрағалық етуде. Бұл жоба 30 жылдан астам уақыт бойы Еуропа мен Орталық Азия елдерінің ұлттық статистикалық органдарын біріктіріп келеді.
Кездесу барысында қатысушылар балалар туралы деректер жүйесін дамыту, олардың әл-ауқатына мониторинг жасау және әлеуметтік саясатты қалыптастыруда заманауи технологияларды қолдану мәселелерін талқылауда.
Сессияға ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Гүлмира Қарауылова төрағалық етіп, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
«TransMonEE – 30 жылдан астам тарихы бар өңірлік серіктестік және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң. Қазақстан үшін балалар туралы сапалы әрі қолжетімді деректер өндіру – ұлттық басымдықтардың бірі. Біз инновациялық шешімдермен бөлісуге және қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін ортақ тәсілдерді бірге әзірлеуге дайынбыз», – деді ол.
Кездесу қатысушылары балалар туралы сапалы деректер тиімді шешімдер қабылдауға және нәтижелі мемлекеттік саясат қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бірлескен жұмыс балалардың ұлттық статистикада және мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ескерілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Соңғы жылдары Қазақстан әкімшілік деректерді дамыту бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде Ұлттық статистика бюросы 29-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйеден алынатын деректерді интеграциялауда.
Сонымен қатар, 2025 жылы Қазақстан ЮНИСЕФ, Азия даму банкі және ЮНФПА-мен бірлесіп, шамамен 24 мың үй шаруашылығын қамтыған ең ірі көпиндикаторлық кластерлік зерттеуді (MICS) аяқтады. Оның нәтижесі «Қазақстан балалары 2026-2030 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу кезінде пайдаланылды.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар Қазақстанның цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу бағытында айтарлықтай ілгерілеу көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл технологиялардың балалар мен отбасыларды қолдау шараларын жетілдіруге қолданылуы ерекше маңызды және бұл тәжірибе өңірдегі басқа елдер үшін де пайдалы болуы мүмкін.
2026 жылғы ақпандағы инфляцияның айлық деңгейі1,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,3%, ақылы қызметтер 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9% қымбаттады.
Азық-түлік өнімдері арасында қиярдың бағасы – 3,9%, басты пияз – 3,2%, апельсиндер – 0,9%, тауық – 0,6%, сүйексіз сиыр еті 0,2 % төмендеген. Бұл ретте консервіленген жүгері бағасы 8,6%, минералды су – 6,8% көтерілді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде кір жуатын машиналар бағасы 7,4%, стерильді таңғыштар – 3,8%, электр шайнектер – 2,6%, смартфондар 1,7% арзандаған. Бағаның өсуі үтiктеуга арналған тақтайға – 12,4%, стакандар жиынтығына – 8,9%, кір жуу ұнтағына – 1,5% байқалды.
Ақылы қызметтер саласында кинотеатр қызметтері 2,2%, фотографтар қызметі 0,5% қымбаттаған.
2026 жылғы ақпандағы жылдық мәндегі инфляция 11,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,6%, ақылы қызметтер – 10,8% өскен.
Жылдық мәнде көк шөптер (көк пияз, аскөк, ақжелкен) – 7,6%, кәді – 6,2%, күріш – 4,3%, қырыққабат – 1,5% арзандады. Мейіз – 8,8%, тәтті печеньелер – 8,5%, бал – 7,2%, құрма 5,8% қымбаттады.
2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда душқа арналған гельдің бағасы – 15%, цемент – 11,2%, жуу және тазалау құралдары – 9,3%, түсқағаз желімінің бағасы 5,7% өскен.
Қызметтер арасында киім тазалау – 14,5%, косметолог қызметтері – 12,7% жаттығу залдарының қызметтері (абонемент) 10,1% қымбаттаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.