2023 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5% құрады. Аталған уақыт аралығында 15 124,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 7 078,1 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 6 931,5 млрд. теңгеге (45,8%).
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 2%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,9%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,4% байқалады.
Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
Шикі мұнайды (103,2%), табиғи газды (104,4%), темірді қоспағанда, кендерді (103,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (120,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,1%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдерінде – 7,7%, сусындар – 6,9%, мұнайдың өңделген өнімдері – 3,7%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру – 3,6%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 8,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 15,8%, машина жасауда 35,9% белгіленді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келді (2021 ж.-100,4 мың, 2022 ж. – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұлдар, 45,1 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,06 туу. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 32,6 мың адамды құрады (2021ж. – 36,1 мың, 2022ж. – 38,1 мың), бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті – 6,65. Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 2023 жылдың 3 айында 60,9 мың адамды құрады.
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,31 адам), Түркістан (25,59) облыстарында және Шымкент қаласында (24,37) байқалды.
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,53), Шығыс Қазақстан (11,12) және Қостанай облыстарында (10,81) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.
3 айда 1 жасқа дейінгі 728 нәресте қайтыс болды, 1000 тууға шаққанда нәресте өлімінің коэффициенті 7,78 құрады.
Аталған кезең ішінде 24,5 мың неке тіркелді, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда неке саны 10,6%-ға төмендеді. Некелесу коэффициенті 1000 адамға 5,0 некені құрады. Сондай-ақ, осы кезеңде 3,8 мың ажырасу тіркелді (АХАТ органдарының деректері бойынша соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда), бұл да 2022 жылдың тиісті деңгейінен 5,6%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79 құрады.
Ел ішінде көшіп келушілер саны 10,9% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.
2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өсті, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.
2023 жылғы наурызда есепке 162,4 мың бірлік автокөлік қойылды1), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – 2,3 есеге артса, жүк автомобильдері 2,4 есе көбейген.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 668 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6% – жеңіл автомобильдер, 10,3% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.
Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,4%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1642 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллоны қойылған автомобильдің үлесі 0,2% құрады, тағы 1936 бірлік автомобиль электр қуаты көмегімен қозғалады.
2023 жылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8%-ға азайды.2)
1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері бойынша.
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-сәуірде 2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 105,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 516131 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 507074 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 416564 құрады, оның ішінде 407648 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5%, азық-түлік емес тауарларға – 3,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 167836 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы наурызға қарағанда 17,9% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,2% төмендеді.
2023 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы сәуірдің соңына 286,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3%.
2023 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6629 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,6% көбейді*.
2023 жылғы қаңтар-наурызда тауарлар экспорты 2598,1 млн. АҚШ доллары (41,5% көп), импорт – 4031 млн. АҚШ доллары (1,8% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 92%, Қырғызстанға 4,7%, Беларусқа 3,2%, Арменияға 0,1% келеді.
ЕАЭО елдерімен эскпорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 29,4%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,2%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20,8%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі 18,5%, сондай-ақ минералды өнімдер бойынша 13%.
Осы күндері Женевада БҰҰ ЕЭК статистика бөлімінің ЮНКТАД (БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы) және «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен бірлесіп ұйымдастырған гендерлік статистика бойынша сарапшылардың кезекті басқосуы өтіп жатыр. Кездесуде саудадағы гендерлік мәселелер бойынша статистикалық деректердің қажеттіліктері, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсеткіштерін өлшеу, еңбекақыдағы гендерлік алшақтық және табыс теңсіздігі, климат пен қоршаған ортаның өзгеруі мәселелеріндегі гендерлік аспектілер қаралды.
Халықаралық ынтымақтастық және тұрақты даму департаментінің директоры Айнұр Досанова Қазақстанның әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық бойынша екінші іріктеме сауалнамасын жүргізу жөніндегі тәжірибесін таныстырды. Сарапшы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы деректерге деген қажеттілікті қамтуға мүмкіндік берген сауалнаманы жоспарлау және әзірлеу үдерісіне статистикалық ақпаратты пайдаланушыларды ерте кезеңде тартудың маңыздылығын атап өтті.
«Когнитивті тестілеу – дайындық кезеңінің бір бөлігі және әрбір респондент үшін сұрақтарды түсінікті етіп әзірлеудің алғы шарттарының бірі. Сұрақтар респонденттер арасында әртүрлі түсіндірулер мен әртүрлі жауаптарды болдырмайтындай етіп тұжырымдалуы керек», – деп атап өтті ол өз баяндамасында.
Бұл сауалнама алғаш рет 2015 жылы жүргізілді, басты мақсаты – 15 пен 75 жас аралығындағы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың таралуы туралы деректер жинау. Өткен жылы бұл сауалнама қайтара өткізілген болатын. Конференцияда сөз сөйлеген қызметтер мен энергетика статистикасы департаментінің өзара сауда және тауар нарықтары статистикасы басқармасының басшысы Данияр Иманбаев сауда статистикасы саласында жаңа гендерлік көрсеткіштердің енгізілуі туралы айтты. Сауда статистикасындағы гендерді өлшеу – халықаралық деңгейде жаңа бағыт болып табылады және Қазақстан ЮНКТАД пен БҰҰ ЕЭК пилоттық жобасына қатысқан санаулы елдердің біріне айналды. Осы жоба шеңберінде семинар өткізіліп, онда Бюро қызметкерлері БҰҰ ЕЭК халықаралық сарапшысымен бірлесіп соңғы 5 жылдағы (2017-2021жж.) сауда және саудаға жатпайтын деректерді микробайланыстыруды екі кезеңмен жүзеге асырылды.
«Пилоттық жоба болашақта гендерлік бөліністе экономикалық көрсеткіштерді көбірек алуға мүмкіндік береді», – деді Д.Иманбаев.
Конференция Еуропа мен Орталық Азияның көптеген еліне сауданың ықтимал гендерлік салдарын ескере отырып, саясатты әзірлеу үшін деректер көздерін талқылауға, әртүрлі контекстегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу тәжірибесін зерделеуге, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы деректерді алуда заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін қарастыруға ықпал етеді.
2023 жылғы I тоқсанда Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады1).
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, олардың 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санына шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65% құрады.
2022 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 72,3 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 39,5 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 32,8 мың адам.
Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда саласында (17,3%), білім беруде (12,9%), өнеркәсіпте (12,6%) және ауыл шаруашылығында (11,5%) байқалды.
2023 жылғы I тоқсанында 453,5 мың жұмыссыз адам болды.
15 пен 34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,9% (422 мың адам) құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы сәуір айының соңына 286,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3%-ын құрады.
Анықтама:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 4825,9 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 10,5% өсті. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 3591,4 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 14% артық болды.
Азық-түлік тауарларының жалпы бөлшек сауда көлеміндегі үлесі 28,3% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 71,7%.
Сауда көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдері, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, аяқкиім, косметикалық тауарлар және дәретхана жабдықтарын саудалайтын кәсіпорындарда байқалды.
2023 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1507,3 млрд. теңгені, сауда күндерінде 74 күнді құрады (2022 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1137,2 млрд. теңге, сауда күндерінде 70 күн болды).
2023 жылғы қаңтар-сәуірде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (30,9%) және Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,1%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.
Бүгінге дейін бюроның stat.gov.kz сайтына кірген кезде пайдаланушыға ресурстың жаңа нұсқасына ауысу ұсынылатын, енді бұл опция өшірілді.
«Өткен жылдың желтоқсан айында Бюро ресми ресурсын жаңартқан болатын. Сайт навигациясы, құрылымы мен дизайн тұжырымдамасы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Біз сайтты мүмкіндігімізше ыңғайлы етуге тырыстық. Осы уақыт ішінде Бюроның жаңа веб-сайтымен бірге оның бұрынғы нұсқасы да қатар жұмыс істеді. Біз жарияланған ақпарат көлемін ескере отырып, өзгерістерді рет-ретімен енгіздік. Қазір барлық дерек сәтті көшірілгеннен кейін бірден жаңа нұсқаға кіру мүмкіндігі жасалды», – деді Бюро басшысы Жандос Шаймарданов.
2022 жылға дейінгі бұрынғы жарияланымдар old.stat.gov.kz сілтемесі бойынша сайттың ескі нұсқасында сақталады. Жаңа сайтта бұл жарияланымдарды «Жинақтар» бөлімінен табуға болады.
«Сайттың жаңа нұсқасында біз пайдаланушыларды қызықтыратын негізгі көрсеткіштерге жылдам қолжеткізуді қамтамасыз етуге тырыстық, таңдалған облыс немесе республикалық маңызы бар қала бойынша негізгі көрсеткіштерді қамтитын аймақтар үшін бөлек бөлім әзірледік. Сондай-ақ статистикалық ақпаратты іздейтін шетелдік пайдаланушылар үшін сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын толықтырдық. Сайт мобильді құрылғылардың барлық түріне бейімделген, қарапайым және қолдануға ыңғайлы. Бұл ретте біз сайтты одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз», – деді Ж. Шаймарданов.
Айта кетейік, сайтта ыңғайлы іздеу жүйесі енгізілді, сондай-ақ заңды тұлға және ЭҚЖЖ бойынша іздеу тетігі басты бетке қосылды. Сайттың барлық бөлімі ақпаратты ұсынудың бірыңғай стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған: кестелер тақырып бойынша топтастырылған, шығарылым күнтізбесі пайда болды. Әр бөлімдегі түсіндірме материалдар қолжетімді түрде берілген және инфографикамен, сондай-ақ дашбордтармен толықтырылған.
Бір жылда (2023 жылғы сәуір 2022 жылғы сәуірге) пәтерлерді қайта сату бағасы – 3,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 7,8% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы сәуірде 27,6% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер бағасы жылдық мәнде Ақтөбе – 25,4% және Ақтау – 24,8% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Семей (31,6%), Қызылорда (30,2%), Ақтау (24,8%), Қостанай (23,2%) және Ақтөбе (22,4%) қалаларында байқалды, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Көкшетау (45,5%), Петропавл (45,2%), Алматы (43,9%), Ақтау (41,1%) және Қостанай (40,8%) қалаларында айтарлықтай өсті.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы сәуір 2023 жылғы наурызға) тұрғын үй нарығында арзандау барлық сегментте байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,6%, пәтерлерді қайта сату 1,5% төменедеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5% арзандады. |
Бұл ретте, сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды. 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 – 17,7%) және Астана (4 772 – 15,2%) қалалары көш басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 342 бірлік (1,1%).
2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2%-ға), Маңғыстау (45,5%-ға) және Ақтөбе облыстарында (45,2%-ға) тіркелді. Сонымен қатар, оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалды.
2023 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7%-ға (5 351 мәмілеге) өсті. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2%) тиесілі.
2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29%-ға (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды.
2023 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 40,1%-ға азайған, ол кезде 52 520 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-68,2%-ға) байқалды. Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді. 2023ж. қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер саны 2022ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда да теріс динамика көрсетті – -48%.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша мониторингті ай сайын жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп бақылау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.